Сайт Өрлеу

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ БІЛІКТІЛІГІНДЕ

МҰҒАЛІМ  МӘРТЕБЕСІ  БІЛІКТІЛІГІНДЕ

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ БІЛІКТІЛІГІНДЕ

2018 жылдың  26 наурыз – 20 сәуір аралығында Қазақ тілді  мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Курстың мақсаты пән бойынша Оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Бағдарламаның міндеттері — мұғалімдердің пән бойынша Оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету; пән бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету және пән бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Курстың бірінші аптасында жаңартылған оқу бағдарламасына кіріспе, тиімді оқыту және оқу, критериалды бағалау жүйесі, оның мазмұны, түрлері,  оқу үдерісінде белсенді әдістерді қолдану, оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрылымы, орта және қысқа мерзімді жоспарлау, тілдік дағдыларды дамытудың маңызы, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға қолдау көрсету туралы мәселелер қарастырылды. Сабақ үнемі психологиялық ахуал тудырумен және әртүрлі мазмұндағы ширату жаттығуларымен басталады. Мұғалімдер сабақ барысында топта, шағын топтарда пікір алмасу арқылы және жұпта, жекелей жұмыстар жасау арқылы өз тұжырымдарын ұсынып отырады. Бағалау не үшін қажет? Дұрыс бағалау дегеніміз не? Оған қандай сипаттар тән? Бағалаудың табысты болуына не ықпал етеді? және т.б. сұрақтар талқыланып, қарастырылды. Курстың үшінші аптасы оқушы жұмысының сапасын жетілдіруге арналған жаттығуларды көрсету, әзірлеу жұмыстарымен жалғасты. Зерттеу дағдыларын дамыту, графикалық органайзерлермен жұмыс, саралап оқыту әдістері, күрделендіру мақсатында мәтін таңдау және өзгерту, мәтіндерді жеңілдету, оқу үдерісінде тиімді сұрақ-жауап әдістерін қолдану, SMART мақсат дегеніміз не, оның құрылымы қандай? т.с.с. тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған да болар.

Елбасының мұндай терең айтылған ойларын 20 күндік курста алған білімдерімізбен ешбір кедергісіз  дәлелдей аламыз.

Біліктіліктерін арттырған ұстаздардың «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығына алғыстары шексіз. Қазіргі күні «Өрлеу» ұлттық орталығының филиалы өзіне жүктелген міндеттерді жемісті орындап келеді дей аламыз.

Топ тренерінің тарапынан ұйымдастырылатын ширату жаттығулары, академиялық тілді меңгертудің табиғи тәсілдерін үйрету сияқты жаңашыл, өміршең идеялар мұғалімдерге тың серпіліс әкелді. Тренеріміз Фариза Баққалиқызынан тек пәндік білім ғана емес, өмірге қажетті қасиеттерді де ала алдық. Тренер кез келген сұрағымызға байыппен, өте шебер жауап бере білді. Сонымен қатар, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, сын тұрғысынан ойлауға, функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін бере отырып, мұғалімнің бағыт беруші, сабақты ұйымдастырушы менеджер-көшбасшылық рөлімен де таныстырып отырды.

Тілді меңгертуде қолданылатын 4 дағды: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым жұмыстарына оқушы ретінде тікелей қатысып отырдық. Бұл да біз үшін өте тиімді болды. Себебі, өз бойымыздан өткізіп барып, қалыптастырған дағдыны оқушыға жеткізу әлдеқайда әсерлі.

Курстың 20 күні зулап өте шықты. Осындай сапалы курсты ұйымдастырып, бізді жаңашылдықпен таныстырып, үйреткен тренеріміз Фариза Баққалиқызына және «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ басшысы Саинова Людмила Александровнаға, ұжымға үлкен алғыс білдіреміз! Осы курстан әрбір ұстаз жақсы оймен кететіні күмәнсіз! Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік. Алдағы уақытта осы бағытпен жұмысымызды жалғастырармыз деген ойдамыз. Төрт апта бойы білім нәрімен сусындатқан «Өрлеу» ПҚ БАИ педагогтарына таудай талап, қажымас қайрат,кәсіптік шеберліктеріңіз арта берсін. Білім беру кемелеріңіз жаңа биіктерге жете берсін . Екі апта бойы білім нәрімен сусындатқан «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ оқытушыларына таудай талап, қажымас қайрат, кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін демекпіз! Білім беру кемелеріңіз жаңа биіктерге жете берсін!

Курс тыңдаушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері