Сайт Өрлеу

ҮШ ТІЛДІ БІЛУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҮШ ТІЛДІ БІЛУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы
Онды орта мектебі, бастауыш сынып / III деңгей/ мұғалімі
Жаксыгалиева Роза Касымовна 

Қазіргі жаһандану заманында  білім саласында көп тілді меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып, соған жан-жақты назар аударылуда.Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдеи жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алды ұсынамын.Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі-мемелекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»деп баса айтқан болатын.Сонымен бірге Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»-дегенді баса атап айтты.Қазіргі таңда әлемдегі дамыған елдердің қатарына ену үшін билік «үш тұғырлы тіл»саясатын қолға алу болып тұрғаны баршамызға аян.Ақпараттық техниканың қарыштап дамыған заманында үш тілді үйрену меніңше қиындық тудырмайды.Біздің ата-бабаларымыздың өткен тарихына көз жүгіртіп қарасақ,әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыз өмірінде 76 ұлттың тілін оқып білді десек, тарихта аты аталған әрі батыр, әрі дауылпаз ақын болған Махамбет Өтемісұлы мен қазақтың бір туар ұлы өзінің аз өмірінде бірнеше тілде оқып, үйреніп білді емес пе? Қазақтың ақыны Абай атамыз орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін де меңгерді.

Сол себепті көп тілді білу-заман талабы.Осыған орай қазіргі заман мектебі түбегейлі өзгерістерді заман ағымына сай талап етіп отыр.Сол себептен де қазіргі заман оқушысы өзін жан-жақты дамыған, шығарамшылығы мол, өз бетінше іздене алатын тұлға ретінде көрсетуі тиіс.Қазіргі таңда тілді үйретудің басты мақсаты оқушының өз бетінше іштей талпынысына байланысты.Сондықтан да әр  қазақ баласы әуелі өз отбасынан Қазақы рухпен демалып, анасынан үйренген ана тілін біліп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өссе,ата-баба рухымен тірбиеленсе, қай ортада жүріп қанша тіл оқыса да, өз тілін, ұлттық болмысы қасиетін сақтап қалары ақиқат.Оған  куә кешегі өткен заманымыздың Алаштың арыстары қанша жерден ресей жерінен білім алды, сол мемлекеттің қысымын көрді,сонда да өз ана тілінің мәртебесін жоғары қойып,бағалады емес пе? Өйткені олар сол кездері бәрі бір ауыл молдасынан хат танып, енді біреулері мұғалімдерден оқыды, білім алды.Олар сол қиыншылық заманда да өз тілдерін сақтады, себебі олар өз тілдерінде сөйледі.Елбасымыздың сындарлы саясатының өзінде бір үлкен мән жатыр деп ойлаймын. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшынша сөйлеу , оны жетік меңгеру қажеттілігін міндет етеді.Мынау жаңа заманда ағылшын тілі-әлемдік бизнес тілі десем,қазіргі жастарға осыны меңгеруге мол мүкіндіктер жасалуда.Бұны біз-жаһанданудың кепілі деп білуіміз керек.

«Тілдерді қолдану мен дамтыудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының « басты мақсаттары:
1.Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
2.Мемелекеттік мекемелерде іс -қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
3.Ағылшын тілін меңгерту,
4.Орыс тілін жетік білу,
5.Әр ұлттың тілдерін дамыту,оларды сақтап қалуға мүмкіндік беру;
6.Тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Міне, осы себептен де заман талабына сай білім беру саласында, яғни білім ордаларында үштілділікті енгізу және оның тиімді әдістері мен жолдары өз орындарын табуда.Қазіргі таңда мектепке дейінгі мен мектептерде қазақ тілі мен орыс тіл, ағылшын тілі пәндер өз орындарып тауып, тілдер үндестігін табуда.Біз ұстаздар қауымы бағдарламаға сай күнделікті сабақтарымызда үш пәнді бірлесе бір-бірімен сабақтастыра өткізіп,пәнаралық байланыс жасап отырамыз.Өзіміздің іс-тәжірибемізде балалардың  интелектуалдық қабілеттеріне қарай  сабақтарда, тәрбие сағаттарында және басқа да мектептен тыс шараларда ойын технологиясын  қолдануда үш тілділікті пайдаланудың маңызы бар деп айта аламын.Бұл олардың ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.Сол үшінде үш тілді үйренумен бірге электронды оқулықтар да сабақтарда баланың үш тілді меңгеруіне тигізер үлесі зор.Қай сабақта да болмасын балалар ойын арқылы үш тілде сөйлеп,сұрақтарға жауап алу арқылы олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға да негіз бола алады.Осы арқылы оларға терең білім беріледі және ойлау қабілеттері артады.Білікті ұстаз өз іс-тәжірибесінде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болары сөзсіңз.Міне  біз осындай мақсаттармен  оқу материалдарын бағдарламаға сай  кез келген пәндер бойынша біріктіріп, оқушыларды жан-жақты тұтас білім алуға жетелейміз.

Үштілділіктің маңыздылығын жете меңгерген оқушыларымыз өздерінің алған біілмдерін  өмірімен шынайы байланыстыра алса , нұр үстіне нұр болар еді.
Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда,

Қапы қалып жүрмелік-деп Абылай атамыз айтқандай, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтап, заман талабына сай үш тілде де еркін сөйлеп, меңгеріп, жаһандану кезінде еліміздің түкпір-түкпірімен еркін сөйлесе алатындай байланыста болса,еліміздің болашағын көркейтіп әлемге танытатыны қуантарлық жәйт.Бұл дана халқымыздың : «Жеті   жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген   нақыл сөзіне саяр еді. Әлем деңгейінде жоғарғы дамыған елдердің қатарына ену үшін халқымыздың басты мақсаты осы тілдерді меңгерген сауатты ұрпақ тәрбиелеу.Ал сауатты ұрпақ, ол өз тілінде еркін сөйлеп, оның қыры мен сырын терең меңгерген ұрпақ болып өсуі заман талабы. Сол үшінде балаларыымыз өз ана тілін жақсы білмейінше, тіл байлығын жете меңгермейінше, өзге тілді қалай үйренбек? «Елу жылда ел жаңа…» демекші, еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемнің дамыған алдыңғы қатарлы елдерімен мәдениеті, экономикасы және әлеуметтік жағынан байланыс жасап қарқындап келеді. Осындай оң нәтижеге қол жеткізуіміз ел мен елдер арасындағы,халық пен халықтар арасындағы ынтымақтастығымыз бен татуластығымыздың куәсі-тіл білуімізге келіп тіреледі емес па? Қазақстанымыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы     туралы ойын алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының   Ассемблеясында айтқан болатын. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауында Елбасымымыз «Тілдердің үш тұғырлығы-«Триединство языков» мәдени жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды ұсынғаны баршамызға аян. Бүгінде  осы үштілділікті қолдап, қолдану мақсатында біз, ұстаздар өз үлесімізді қосып,оқушыларымызға жаңа заман талабына сай білім беруге жұмыла кірісіп келеміз.Бұл үш тілде жас ұрпаққа білім берудің инновациялық тәсілдері олардың білім жолында еркін самғай отырып,жаһандық құпияларға үңілуіне   және өзіне қажеттілік танытуына таптырмайтын ең басты мүмкіндік деп білемін. Сонда бір сөзбен айтсам, қазақ тілін дамытамыз, орыс тілін қолданамыз, ағылшын тілін үйренеміз деген тоқталымға келер едім.Ал қазіргі заманымызда кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналған аса қажеттіліктердің бірі.Сол себептен де үштілді меңгертудің басты мақсаты тіл үйренушілердің коммуникативті құзырлығын қалыптастыру болып отыр.Біз осы тілдерді үйрену арқылы басқа ұлттардың мәдениетін,тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын білеміз.Сондықтан да қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер мен еліміздегі білім беру салаларының жаһандық білім беру кеңістігіне шығуы –білім саласында , соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға қазіргі заман талабына сай  өзгеріс енгізу болып отырғандығында. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушының жеке ерекше қабілетін,дарыны мен талантын ашу және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Елбасы Жолдауында «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешімді бірлесе отырып қабылдауға тиіспіз, баланың орыс, ағылшын тілдерін, интернет тілдерін жетік меңгеруі-ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп атап көрсеткен бағытымен мектепке дейінгі ауқымда үш тілді қатар оқыту қолға алынғаны мәлім.Мұның мақсаты:тілді дұрыс меңгерту, ауызекі сөйлей білуге үйрету боп табылады.Демек,біз осы мемлекетіміздің дүниежүзілік деңгейге жетіп, 50 елдің қатарына иық тіресе теңесіп сөйлесе алуымыз осы үш тілді біліп ,танытқанымыз деп білемін.Қазіргі заманда басты мақсаттардың бірі өскелең ұрпаққа жан-жақты, жаһандану құндылықтарға бейімделуге және көрші елдер мәдениетінің  өкілердерімен   жете үштілділікті  үйрене отырып,өзара әрекет жасауларына шеберлік қалыптастыру болып отыр.  Көп тілді білген адамның көп нәрсеге қол жеткізіп,басқа адамдармен салыстырғанда еліміздің кез келген жерінде еркін жұмыс жасау мүмкіндіктер ие болатындығы және қай елмен де байланыста болсаң да    алдыңнан жол ашық екені осының куәсі. Осыған мына бір ғұлама сөзі пара-пар:  «Бойыңда білімің бар екен,одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» Әр түрлі үш тілділікті үйретудегі мұғалімнің негізге мақсаты-әр түрлі әдістерді падалана отырып оқушының тілін дамыту және тілге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қабілеттерін жетілдіру мақсаты көзделіп отыр..Соның нәтижесінде сабақтың сапасы да артатынын күнделікті  өз тәжірибемізнен байқап, нәтижесін көріп жүрмін.Нәтижеде әр оқушы өзін тұлға деп сезіне алады, ой-пікір қалыптастыра алады.Сол себептен де қазіргі таңда заманауи талапқа сай мына жаһандану әлемінде болашақта жас ұрпақты дамытудың бірден бір көзі осы көптілділік болып отыр.Сол арқылы оқушының жан-жақты білім алуы үшінде жаңа инновациялық тұрғыдан көшбасшы боп бағыттаушы мұғалімнің өзі де жаңа форматтағы жаңашылдықпен қаруланған және бірнеше тіл білетін маман болуы шарт.Сонда ғана біз жас ұрпақты білім көгіне шығара аламыз.

Елбасымыз «Қазақстан -2050» стратегиясында мұғалімдерге сенім артып,жастарымыздан үміт еткен болатын. «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады.Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-делінгендей[4,3],жастарды сауаттылыққа баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны белгілі. «Мен сөзімді әсіресе, жастарымызға арнағым келеді.Мен сіздерге –жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын.Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер-болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»,-деген жолдарда жастарымзға деген үміт пен менім жатыр.[2,57]

Сондықтан да қазіргі таңда жастарымыз үшін қолайлы жағдайлар жасалып,әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен «Болашақ» бағдарламасы аясында жастарымыз шет елдерге шығып білім алуларына жан-жақты жол ашылуда.Үштілділіктің маңыздылығын түсіне білген әр адам өз елі үшін болашақтан алар үміті мол. Бастауыш сыныптар үшін сабақтарда үш тілде өткізілген ойын технологиясын қолдану оқушыларға оң нәтиже беруде.Мысалы: «Кім тапқыр?», «Мақал-мәтелдер» жарысы және Әдебиеттік оқу пәні, Дүниетану, Қазақ тілі пәндері бойынша сөзжұмбақтар, анаграммалар шешу сайысы , оқушылардың  жас ерекшеліктеріне қарай өткізілген үштілділік аудармаларын қолдану тілдердің үндестігін ойындар арқылы оңай мегерулеріне ықпал етеді.Ойын арқылы үш тілде сөздерді аудара отырып, тілге деген оқушылар қызығушылықтары артады және коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтары шыңдалады.Сондай-ақ АКТ-да, электрондық оқулықтар да оқушы қызығушылығын арттырумен бірге уақытты тиімді үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді пайдалануға негіз бола алады.Бұл жерде айта кететін жайт бұл әдіс оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына баса назар аударуында .Міне осындай қарқындық әлемде болып жатқан өзгерістермен  мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде әр оқушы еркін,өзіндік дәлелдері мен уәждерін толық сеніммен жеткізе алатын ынталы, сыни пікірі қалыптасқан ,сандық технологияны дұрыс меңгеріп, құзырлық таныта алатын оқушы дайындау болып табылады.Бұл әрине оқушыларды белсенділік танытуға, тілдік қарым қатынаспен ортаны жетілдіруге үйрету мұғалімдер қауымының тынымсыз, үздіксіз еңбегі мен ізденісі деп білемін. «Ұстаздың қаруы-сабағы» дегендей өзімнің көп жылғы тәжірибемнен ойға түйгенім көп тілді үйрену артық емес дегенді баса айтқым келеді.Болашағынан үміт күттірер шәкіттерімді болашақта заманауи талаптарға сай бастауыш сыныптардан тілдік ортаны жетілдіруге сол арқылы ой-өрістерін кеңейтуге жаңа әдіс-тісілдердің бірі диалогтік қарым-қатынас жасауды,сұхбаттар құруды,рөлдік ойындар ойнатуды ұсынуды тиімді деп айтар едім.Осы арқылы шәкірт пен ұстаз бірлесіп өз еңбегінің нәтижесін көреді.Бұл әдіс бірсарынды сабақ беруден оқушы ынтасын арылтады.Осылай өз ойымды қорыта келе болашақтан үміт күттірер жастарымыз өз тілін ардақтап, заман көшінен қалмай үш тілде емін еркін сөйлеп, әлемнің түкпір- түкпкірімен еркін байланысып жатса, тәуелсіз еліміздің ертеңін көркейтері сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.»Қазақстан-2050» Сратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт»Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Ақиқат» жургалынан 2013жыл,№1
2.Назарбаев Н.Ә.»Жаңа әлемдегі-жаң Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.Астана, 2007жыл.

3.Бастауыш мектепте оқыту 2012/4