Сайт Өрлеу

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ

Арзикулова З.Б.,
№ 81 «Әсемгүл» балабақшасы»  

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»-«Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл дамыту саясаты» Қазақстан халқына жолдауында мемлекетіміздің Елбасы «Еілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүргізуді кезең кезеңімен бастауды ұсынады.Үш тілді жаппай оқытуды енгізу тікелей –балабақшадан бастап ЖОО дейін –қазақстандық жас ұрпаққа ғылым мен техникадағы озық жетістіктермен және беталыстармен танысуға, жылдам қоғам меншігіне айналуға мүмкіндік береді.

Қазақстан  өзінің алдына жоғары даму мақсатын қойып, әлемдік қауымдастыққа қадам басып келеді. Заман талабына, сай қазіргі таңда үш тілді меңгеру мақсаты тұр.Қазақстан Республикасы президенті  Н.Назарбаевтың “Тілдердің үштұғырлығы”мәдени жобасын жүргізуді кезең кезеңімен бастауды ұсынады.Үш тілді жаппай оқытуды енгізу тікелей –балабақшадан бастап енгізіледі.Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде  ана тілі мен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен роль атқарады.Еліміздің президенті Н.Назарбаев айтқандай: “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар қазақ тілі -мемлекеттік тіл,орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”.

Мектепке дейінгі балалардың жан жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.
Ойын-жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы.Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады,күлдіреді,дамытады,
тәрбиелейді,әлеуметтендіреді,көңіл көтереді,дем алдырады.
Ұлы педагог В. Сухомлинский “Ойынсыз, музыкасыз,ертегісіз,шығармашылықсыз,қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды”дейді , демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір біріне деген қайырымдылық, мейірімділік,жанашырлық,достық,жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ойын бала үшін –нағыз өмір.Балаларды тәрбиелеуде ойынның алар орны ерекше. Ойынды балалардың өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко тәрбиешінің немесе мұғалімнің ролі туралы былай деп жазды: “Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін.Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам,онда мен,бәлкім пайдалы,бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын.Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім”.
Дидактикалық ойын  -баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі.мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екендігін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді.дидактикалық  ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған.Атап айтсақ Ахметов С, Алдабергенов
А,Хайдаров Ж ,Төлтаева Г,Әбішова А т.б ғалымдар дидактикалық  ойындардың маңызын,түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен.педагогикалық процесте ойын балалар іс әрекетінің басқа да түрлерімен, оқытумен өзара тығыз байланыста болады.Ойын арқылы  баланың дене құрылысы жетіліп,өзі жасаған қимылына сенімі артады.баланың бойында ойлау, тапқырлық,ұйымдастырушылық,шыдымдылық,белсенділік қасиеттер қалыптасады.ойын дегеніміз-жаттығу,ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық сезімталдық қабілеттерін дамытады,сөздікті толықтырады және белсендіреді,дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастырады,байланыстырып сөйлеуді дамытады,өз ойын дұрыс айта білуді,балалар тілін дамытады.Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қоршаған заттарға ұқыпты қарау,ойыншықтарды күтіп ұстау,мінез құлық ережесі туралы,жеке тұлғаның жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы адамгершілік түсініктері қалыптасады.
Дидактикалық ойындарды үш топқа бөлсек болады.1.Заттық дидактикалық ойындар, мұнда нақты заттар мен ойыншықтар қолданылады.балалар салыстыруды,ұқсастықты,айырмашылықты үйренеді.Ойыншықтардың түсі,пішіні,көлемі ,жасалған материалы анық көрсетіледі.2. Үстел үстінде ойналатын ойындар- балаларға арналған қызық сабақ.Түрлері бойынша олар әртүрлі:сыңар суреттер,құрастыру, жапсыру.Сандарды ретімен орналастыр деген сияқты тапсырмалар орындайды. 3. Сөздік дидактикалық ойындар ойнаушының сөзі мен олардың әрекеттерінен тұрады.Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді.Мұғалім қазақша немесе ағылынша сөзді аиайды,балалар аудармасын табу керек.

Өзектілігі:Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын,сондықтан да оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы,еңбекке қатынасы,психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Дидактикалық ойындар адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін шешуге,балалардың көпшілдігін дамытуға үлес қосады.Дидактикалық ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат-білім беруді ойынмен ұштастыру.Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу,оқыту қатар жүргізіледі,оны бала белсенділікпен және асқаныждахаттылықпен қабылдайтындықтанойындарды оқу үрдісінде міндетті түрдеенгізу жайлы айтады.

Ойын арқылы бала:
-қисынды ой қабылетін дамытады;
-өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
-есте сақтау қабілеті дамиды;
-зейіні қалыптасады;
-байқампаздығы артады:
-ойын ережесін бұзбау,яғни тәртіпке үйренеді:
-бір біріне деген сенімдері артады,достыққа,:
-ең бастысы сабаққа қызығушылығы артады:

Мақсаты:  Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшын тілі пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде әдіс алмасу.
Міндеттері:
-Дидактикалық ойындар, олардың атқаратын қызметі,олардың құрылымдары ,негізгі түрлері,әдістемесі және оларға басшылық жасау туралы жалпы түсінік беру;
-балабақшаның тәрбиелеу оқыту барысында отандық және шетелдік педагогтардың дидактикалық ойындарды қолдану және әзірлеу бойынша озық тәжірибелерін зерделеу және талдау:
-білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындарды таңдау және жүйелеу.

Ағылшын тіліндегі дидактикалық ойындар
Apples
Мақсаты:балаларды санай білуге үйрету,сөздік қорын дамыту.
Ойын барысы:Педагог <> санамағын балаларға оқып бірнеше рет қайталап айтқызады.Балалар сол санамаққа сәйкес амалдарды себетке салады:
One little, two little, three little apples,
Four little, five little, six little apples,
Seven little, eight little, nine little apples,
All fell to the ground.

Colours
Мақсаты: Өлең оқып беру арқылы ағылшын тілінде түстер аттарын бекіту. Сөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Педагог балаларға түстер туралы өлеңді өзі оқып береді.Өлеңдегі  түстердің аттарын қайталап айтқызады.Cодан соң өлеңді балаларға қайталатып  айтқызады :

I see green, I see yellow,
I see that funny fellow.
I see white, I see black,
I see this and that and that
I see pink I see brown
I stand up and I see blue
I see you and you and you
What is the season?
Мақсаты: жыл мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жыл мезгілі аттарын ағылшын тілінде есте сақтау.
Ойын барысы: жыл мезгілдері суреттерін  көрсетіп, суретте қай мезгіл бейнеленгенін сұрау.Ойынды бірнеше рет қайталап ойнату.Season,summer ,spring, autumn,winter
Look at the picture?
What is the picture?
What is this?
Мақсаты: табиғат туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Cөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Көкөністер мен жемістер суреттерін көрсетіп, олардың не зат екенін сұрау.
What is this?
What day is it today?
Мақсаты: апта күндері туралы білімдерін бекіту. Ағылшынт тілінде апта күндерінің аттарын есте сақтау .
Ойын барысы: Сұрақ қойып, апта күнін сұрау. What day is it today? Апта күндері балалардың есінде қалу үшін ойынды бірнеше рет қайталап ойнату.
What is her name?
Мақсаты сөздік қорларын дамыту Ағылшын тілінде сұраққа жауап беруді үйрету .
Ойын барысы: педагог балаларға сұрақтар қояды балалар сұрақтарға жылдам, әрі тез жауап береді. Содан соң балалар өздері бір- біріне сұрақ қояды:
What is her name ?      Her name is ……
Where does she live?   She lives …..
My family
Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This my grandfather. This is my brother. How I love them all .
Boasters
Мақсаты: Ойыншықтардың ағылшын тіліндегі атауларын бекіту. Сөздік қорларын дамыту .
Ойын барысы: Балаларға өткен тақырыптарға байланысты ойыншық атауларын жылдам және көп айтып жарыстыру.
Eat- don’t eat
Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету.Заттардың атауларын ағылшын тілінде атауды бекіту.Белсенді сөздікті дамыту.
Ойын барысы: педагог балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды <<жеуге- болады>> жеуге болмайды деп топқа бөліп ажыратады.Ойынды бір біріне допты лақтырып ойнауға болады.
Алма –an apple
Нан –a break
Қиар- a cucember
Мәшине- a car
Кітап-a book

What is missing?
Мақсаты: балардың  аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.
Қажетті құралдар: суретті карточкалар
Ойын мақсаты Кілем үстіне суреттер карточкалар жайып қойылады.
Педагог <>деген нұсқа береді да1-2 карточканы алып қояды. Cодан соң балаларға<> нұсқау беріп,<> деп Содан соң балаларға нұсқау беріп деп сұрақ қояды .Балалар жоғалған карточкаларды еске түсіріп айтады.

Words road
Мақсаты :Заттардың атауларын таба білу. Белсенді сөздіктерін дамыту.Шапшаң қимылдауға үйрету.
Қажетті заттар суреттер
Ойын барысы: Kілем үстіне суреттер кішкене арақашықтықта бала жайылып қойылады.Бала суреттердің шетімен жүріп, заттарды атайды. Cуреттер белгілі бір өткен тақырып бойынша немесе араластырылып қойылады.

Simon says
Мақсаты :танымдық қызығушылығын дамыту.
Ойынның барысы Балалар педагогтың немесе бастаушының жанында тұрады.Балалардың міндеті”Simon says”сөзі нұсқаудың алдында айтылғанда,Hands up!Sit down!Jump!Run! және сол сияқты педагогтың нұсқауын орындау.Бұл ойын шартымен түрлі тақырыптағы лексикалық материалдарды қолдануға болады.

Toy Shop
Мақсаты: Әлеуметтік құзіреттілікті қалыптастыру.
-What are you?
-I’m a shop- assistant.
-Where do you work?
-I work in a toy shop.
-What can you do?
-I can sell toys.
Содан соң балалар сөреде тұрған ойыншықтарды сатып алады.
-What do you like to buy?
-I’d like to buy a toy car.
-Here you are.
-Thank you.
-You are welcome.

Барлық балалар ойыншықтарды сатып алған соң сатушымен бірге ән салады.
I want to be a shop-assistant, assistant, assistant.
I want to be a shop-assistant.
I want to sell some toys.

I can’t see
Мақсаты; Зейінді  дамыту
Ойынның барысы;Үстел үстіне бірнеше ойыншық аңдар қойылады.Қатысушылар  көздерін жұмып тұрғанда мұғалім бір жануарды алып тастайды.Көздерін ашып, қандай жануар бар,қандай жануар жоқ екенін айтып шығады.
I can see….
I can’t see…

Is it true or not?
Мақсаты: Заттардың сипаттамалық қасиеттерін ажырата білу.Сөздік қорын дамыту.
Ойын барысы: Ойынды доппен ойнауға болады.Педагог балалардың біреуіне допты лақтырып, сөз тіркесін айтып, Is it true or not? деп сұрақ қояды.

Мысалы :Yellow lemon. orange bear, brown monkey, wight snow, green crocodile, grey elephant.
Snowball
Мақсаты:Балаларға сөздерді жылдам және дұрыс айта білуге үйрету.Сөздерді тізбектеп айта білу.
Ойын барысы:Өтілген тақырыптар бойынша бір бала шығып бір сөз айтады.Келесі бала алдындағы баланың сөзін қайталап, өзінің сөзін жалғастырып айтады. Ойын осылай жалғаса береді.
Мысалы:Rabbit,rabbit-wolf, rabbit-wolf-bear,rabbit-wolf-bear-pig.

Қорытынды
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын,өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдерінің бірі.Олар кез келген оқу материалын қызықты да тартымды  етіп,балалардың көңіл күйін көтеруге,өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі.тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып,ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.

Дидактикалық ойындар :сөздікті толықтырады және белсендіреді,дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады,байланыстырып сөйлеуді дамытады,өз ойын дұрыс айта білуді,балалар тілін дамытады.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырады.

Мемлекетіміздің ілгерілеу саясатының басты бағыттарының бірі-жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу болып отыр. Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастырып,үштілді меңгерген тұлға дайындау біздің міндетіміз.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:

  1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
  2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
  3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
  4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
  5. Ойынның эмоционалды болуы.

Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1.Ойынның мақсатыжәне көрнекті құралдары күні бұрын дайындалуы тиіс.
2ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілуі тиіс.
3.Ойынға топтағы балалардың барлығы қатысуы тиіс.

  1. Оларды ойын үстінде ойлай білуге,шешім қабылдай білуге жетелеу керек.

Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар балалардың таным белсендігін жандандаратын,өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдерінің бірі. Олар кез келген оқу материалдарын қызықты да тарымды етіп,балалардың көңіл күйін көтеріп,қызығушылығын арттырады.

Мектеп жасына дейінгі баланың  дамуына,өсуіне,табиғатпен,қоғаммен байланысына ықпал ететін-ойын.Халқымыз ойындарды тек алдандыру көңілін көтеру құралы деп емес,жас ерекшелігіне сай мінез құлықты қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.Ойын балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді.ойын балаларға эстетикалық тәрбие беру құралы.Ойынның түрлері көп. Соның ішінде маңыздысы-дидактикалық ойындар.

Ойын мектеп жасына дейінгі балаларды ағылшын тілінде уйретудің ең басты әдісі болып табылады. Дәл осы жастағы баланың дамуына ойын септігін тигізеді.Ойындар сөйлесудің әртүрлі жағдайларын қамтиды, лексика мен сауаттылықты игертеді, ырғақты-әуендік қаблеттіктерпді дамытады, коммуникативтік дағдыларды сіңіреді.Ойынның басты сапасы; ол әрі ойын тағы біржағынан үйретушәілік бағытта болу керек. Мұғалім ойынды таңдап және оны тақырыпқа сай ойластырғанда мына жайттарды ескеруі керек; мақсатты анықтап алу керек, белгілі сөз құрылымын, сөйлеуге қолданатын қызықты жағдайды ойлап табу, баланың ойынға қызығушылығын тудыру, сол сәттерде енім кететіндей жағдай жасау, баланың шет тілге жағымды психологиялық қатынасын тудыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы “ Мектепке дейінгі балалық шақ” әдістемелік   орталығы Астана 2013
2.Мектептегі шет тілі Республикалық ғылыми-республикалық журна  №2 наурыз/ сәуір  2007
3.Ағылшын тілі мекткпте    Республикалық ғылыми-әдістемелік   журнал    №5 2010
4.Ағылшын тілі мектепте   Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал       №4 2010
5.Ағылшын тілі мектепте   Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал       №3 2010

Один комментарий к “ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ

  1. Уведомления: Использование методов и технологий обучения в преподавании языковых дисциплин | Сайт ӨРЛЕУ