Сайт Өрлеу

ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚТЫҢ ТОПЫРАҒЫНДА ТІРШІЛІК ЕТУШІ МИКРОАҒЗАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚТЫҢ ТОПЫРАҒЫНДА ТІРШІЛІК ЕТУШІ МИКРОАҒЗАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

Кистабаева Улбосын Кудратовна
Магистр оқытушы
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет

Микроағзалар топырақ түзілу процесінде айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың санына қарап топырақтың құнарлылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік бар. Осы процесте басты рөл атқаратын бактериялардан басқа топырақ микроскоптық саңырауқұлақтар, қарапайымдар және баддырларға бай келеді және олар да топырақ құнарлылығын құрауда белсене қатысады. Мәденилендірілген, жыртылып жүрген топырақтардың жырту тереңдігінен үлгі алынды. Топырақ үлгісін алу үшін күрек пен пышақты пайдаланып, олар топырақ үлгісін алардан бұрын жақсылап тазартылып, спиртпен сүртіліп, артынан жалында қарылды. Топырақ үлгісін алар алдында залалсыздандырылған пышақпен оның 2 сантиметрлік қабаты қырып алып тасталғаннан соң, 10-20 грамм топырақ үлгілерін алып, залалсыздандырылған целлофан дорбаларға салынды. Үлгісі бар қалташаларды нөмірлеп, одан соң зертханаға жөнелтілді. Топырақ үлгісін 30°С-та құрғатып, қоректік ортаны дайындағанша, сақтап қойылды.
Зертханалық жағдайда топырақ микроағзаларды зерттеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Топырақтағы микроағзаларды зерттеп білуде, олардың атқаратын рөлін анықтауда топырақ үлгісін алар алдынан зерттеу жүргізілетін дендрологиялық бақта өсетін өсімдіктер, өсу агротехникасы және топырақтың түрі және т.б. жағдайларды ескерілді.
Микробиологиялық анализ жасау ерекше ұқыптылықты және жұмыста дәлдікті, айқындықты талап етеді.
Топырақтағы бактериялар, саңырауқұлақтар және актиномицеттердің санын анықтауда Д.М.Новогрудскийдің әдісі қарапайым және оңай атқарылатын болғандықтан, топырақтағы микроорганизмдер жөнінен жалпы мағлумат алуға болады. Петри табақшасына ішінде майда құрғақ топырағы бар, төменгі жағы елекпен жабдықталған ыдыспен себеді.
Бұл әдіс бойынша майдаланған топырақ агарланған суға себіледі. Алдын ала Петри табақшасына агарланған суды құйып қатырып, оның бетіне топырақ бөлшектерін орналастырғанда, топырақ бөліктерінің айналасында жарғақшалар пайда болып, онда микроағзалар өседі. Бұл орта қоректік заттарға өте кедей, сондықтан микроағзалар топырақ түйіршіктерінің айналасында ғана орналасады. Әр топырақ тұріне ұш Петри табақшасы арналып, жалпы тексеру үшін топырақ үлгісі себілген агар пластинкасын бірнеше бөліктерге бөліп, микроскоппен тікелей қарап саналды. Топырақтағы микроағзалардың өсуін бақылау барысында оларды термостатта 28-37ºС температурада өсірдік.  Саңырауқұлақтар алғашқы күндері топырақ түйірінің айналасынан ғана көрінсе, кейін бүкіл Петри табақшасын қаптап өсті. Топырақтағы микробтар ұрықтарының санын дәлдеп анықтау үшін микроскоптық жолмен клеткаларды бірден санау әдісін қолдандық. Бұл өте қарапайым қолайлы әдіс болғандықтан, микробтар ұрықтарын санау үшін препаратты фиксациялап, метилен көгі мен боядық..
Зертханалық жағдайда топырақ микроағзаларын зерттеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Топырақ микроорганизмдерін есептеуге қоректік пластинкалар әдісін де пайдаланады. Бұл әдіс микробтардың тірі ұрығын бақылап, олардың сапалық құрамын анықтап, культураларды (себінділерді) таза күйінде бөліп алуға көмектеседіЖұмыс барысында бактериялардың себінділері аэроб жағдайда етті-пептонды агарлы қоректік ортада, факультативті-анаэробты жағдайда нитратты қоректік ортада және анаэробты жағдайда сульфатты қоректік ортада өсу ұқыптылығын көрсетті. Идентификация (түрін анықтау) натижесінде олар Enterobacter aerogenes; Bacillus subtilis; Escherichia coli; Citrobacter freundii; Bacillus brevis; Sarcina ventriculi түрлері болып белгіленді.
Микроорганизмдерге түрлік сипаттама беру үшін олардың етті-пептонды сорпада өсіріп, морфологиясын, қозғалуын, Грам бойынша боялуын, протеолитикалық және амилолитикалық активтілігін, оттегіге және нитратқа қатысын, Фогеса-Проскауэр реакциясын , оксидазалық және каталазалық активтілігін, ауксонограммы әдісі бойынша азот көздерін сіңіруін үйрендік .
Етті-пептонды сорпада аммиак пен күкіртті сутегіні пайда болуын, индол пайда етуін 10% -ті H2SO4,  және 0.5% натрий нитратының (NaNO3) ерітіндісінде қызғыш сақинаның пайда болуынан байқадық.
Көмірсутегіні пайдалануын Андреде қоректік ортада өсуінен анықтадық. Көміртегі көзі ретінде             арабиноза, ксилоза, рамноза, глюкоза, фруктоза, галактоза, сахароза, мальтоза, лактоза, раффиноза, декстрин, этанол, сорбит, маннитті, аланин, аминоуксус қышқылын, аспарагин, гистидин, глутамин, фенилаланин, лизин, серин, пролин, орнитин, лейцина, метионин, тирозин, валин, треонинді пайдаланды .
Факультативті  анаэробиоз жағдайында көптеген аэробтық бактериялар оттегінің орнына нитратты электрон акцепторы ретінде пайдаланады. Топырақта немесе суда органикалық заттар ыдыраған кезінде аэроб микроорганизмдердің демалуы нәтижесінде оттегіні толығымен пайдаланып, жойып жібереді .
Денитрификация кезінде азот қышқылы тұздары ыдырап, ондағы азот молекула күйінде атмосфераға кетеді. Бұл процесс тұздардың құрамындағы оттегін өз тірішілігіне пайдалана алатын кейбір бактериялардың әсерінен болады  .
Денитрлендіру  процесі бактериялардың анаэробты жағдайда тірішілік етуін қамтамасыз ете алады. Бұл құбылыс топырақта көбінесе оттегі жеткіліксіз болғанда және азот қышқылыы тұздары – нитраттар жеткілікті болғанда жүреді. Бактериялар қалыпты тіршілік ету үшін топырақтың реакциясы (рН-5,0-9,0) болу керек.
Кесте 1.  Гетеротрофты бактериялардың көмегімен азот қосылыстарының өзгеріске ұшырауы

Бактерия түрлері Нитраттың мөлшері Нитриттің мөлшері
2 сағат 1 тәулік 3 тәулік 2 сағат 1 тәулік 3 тәулік
Enterobacter aerogenes 0,86 0,57 0,51 0,06 0,32 0,35
Citrobacter freindi 0,69 0,44 0,41 0,06 0,28 0,34
Escherichia coli 0,74 0,52 0,33 0,04 0,39 0,36
Bacillus subtilis 0,72 0,09 0,03 0,04 0,08 0,06
Bacillus brevis 0,72 0,64 0,59 0,04 0,08 0,21
Sarcina ventriculi 0,81 0,65 0,29 0,06 0,12 0,54
Pseudomonas stutzeri 0,74 0,06 0,01 0,03 0,033 0,04

Нитраттардың молекулалық азотқа тотықсыздануынан топырақтағы азот азаяды. Топырақ шамадан тыс ылғал болғанда бұл процесс өте тез жүреді. Ал топырақтың ылғалы қалыпты болғанда және оған агрономиялық шаралар қолданғанда, денитрификациялаушы бактериялардың әсері де баяулайды. Сөйтіп бұл құбылыс ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиянын тигізе алмайды .
Сонымен қатар денитрлендіру құбылысы табиғатта жанама жолмен де жүретіні де анықталған. Бұл кезде азотты қышқыл мен аммиакты және амин қосылыстарының арасында химиялық реакциялар жүреді. Микроорганизмдер нитраттардан нитриттерді түзуге және белок заттарын ыдыратып, соның нәтижесінде ортада амин қышқылдарының түзілуіне қатысады. Мұндай микроорганизмдер топырақта өте көп. Жалпы белоктық заттардың топырақта үнемі ыдырау процесі жүріп жатады, ал топырақта белоктан басқа азотты қышқылдар болады.
Жасыл өсімдіктер атмосфера азотын сіңіре алмайды, яғни онымен қоректене алмайды, олар азотқа мұқтаж болады. Соның әсерінен дақылдардың өнімі төмендейді. Сондықтан  егіншілікте ауадағы бос күйіндегі азотты топыраққа қайтару, яғни табиғи айналымға түсірудің зор маңызы бар .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 

  1. Акбасова А.Дж. «Почвоведение» Учебное пособие. -Алматы: Бастау, 2006г.
  2. Құлдыбаев М.М. Ауылшаруашылығы микробиологиясы. Алматы. Білім, 1994. — 213б

Резюме
Микроорганизмам принадлежит основная роль в первичном почвообразовательном процессе.Почвенная микрофлора играет важную роль в жизни растении.

Summary
Microorganisms have a major role in the primary soil-forming process. The soil microflora plays an important role in the life of the plant.

Один комментарий к “ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚТЫҢ ТОПЫРАҒЫНДА ТІРШІЛІК ЕТУШІ МИКРОАҒЗАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

  1. Уведомления: Применение методики CLIL в преподавании естественно-научных дисциплин на английском языке | Сайт ӨРЛЕУ