Сайт Өрлеу

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУ БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТУ БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

Мұсұлманқұлова Мейрамкүл Аскербековна,
биология және химия пәндерінің оқытушысы
Экономика,технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
Астана қ.

«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты — бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып отыр.
Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту процесінде көптілділікті дамытудың басты тұжырымдары: тәуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын мемлекет ретінде дамуы; «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы – қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы; көптілділік – тілдер мен мәдениеттер байланысын дамытушы құбылыс. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз — көпұлтты қоғамбыз. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы    Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.Сонымен қатар мемлекет басшысы Н.Назарбаев айтқандай, жаһандық білім беру стандарттарына ұмтылған отандық білім мен ғылым үш тілде дамуы тиіс. Қазақстан Республикасы Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.  Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр.
Шетел тілін оқушыларға,студенттерге үйретудегі негізгі қағидалар: олардың сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамыту, қалыптастыру, оқушылардың,студенттердің  белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін ағылшын тілін сабақта жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін пайдалана білу.
Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек.
Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады». Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.
Химия,биология  пәндерінің оқытушылары жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту –болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік деп біледі. Биология, химия сабақтарында  «үштілділік» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тиімді жолдарын үйрену үшін әр түрлі қызықты көрнекі құралдар қолдану арқылы жүзеге асыру, сабақта командалық топқа  тапсырмалар беріп оқушылардың, студенттердің  ойлау дағдыларын дамытуда соған ойларын ағылшын тілінде жеткізу барысында  кластер, венн диаграммасын  құрастыру.
Ағылшын тілін оқыту үдерісіне енгізудің артықшылықтары көп. Ең бастысы, үштілділік саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік туады, пәнаралық, пәніші­лік кіріктірулер болады. Кәсіби желілік қауымдастық құрылады, оқушының, студенттің  танымдық көкжиегі артады.
Жалпы айта кетсем, мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді біріктіре ала отырып, химия мен биологияны, ағылшын тілін байланыстырып  жүзеге асыруға болады. Сонымен қоса үш тілді меңгеруді сабақ барысында  ойын түрінде өткізу оқушылардың, студенттердің грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар сабақта химия, биология пәндері бойынша электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды. Ғылым мен техниканың дамуы адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттігін тудыруда.    Оқушылардың, студенттердің  ой өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының, студенттің жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады.
Мамандық дайындайтын арнайы орта оқу бөлімінде мысалға тоқатала кетсем «Тамақтандыру кәсіпорындарының  өнім өндіру  технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығында аспазшы даярлайды соған байланысты осы ағылшын тілін білу қажет, себебі басқа мемлекеттерден келген бас аспазшылардан тәжірибе алмасу кезінде ағылшын тілін білгені қажет.  Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде.  Ағылшын тілін үйрететін  топтар, үйірмелер ашылуда. Осының бәрі күнделікті жағдай. Енді көптілділікті  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында халықаралық стандарт деңгейінде тиімді ұйымдастыру үлкен мәселе.
Қазір көптілді білім беру – мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көп тілді беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты.
Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.   Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтін ақиқат. Себебі  көптілді меңгерген  жастардың алар белестері биік. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты  әр білім алушының  жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау.
Жаһандануға бет бұрған заманда көптеген ұлттық айырмашылықтар азайып, олар үшін аға буын аталарымыздың адамгершілік тәжірибесі мәнін жоғалта бастады. Сондықтан оқытушының  алдында әр халықтың мәдени құндылықтарын, аға буынның барлық үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы білімдік ортаны құру сияқты маңызды міндет тұр. Яғни, көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді, әрі тиімді өмір сүруге мүмкіндігі мол, өзге мәдениеттерге түсіністік және құрметпен қарай алатын, бейбіт және ынтымақтастықта өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін көптілді білім беру қажет.“Үш тілдің бірлігі” мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.
Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған міндет.
Ағылшын тілінің ендігі бір мүмкіндігі жастарымыздың тек білім алып қоймай, ағылшын тілі арқылы шетелдік білім беру орындары мен ұйымдарында тәжірибе алмасуына, жұмыс істеуіне жағдай туғызып отырған ахуалмен байланысты. Бұл – қазіргі қоғам үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан, қандай қиындық болса да, біз нық қадам жасап, ілгері жүруіміз қажет деп есептеймін.

Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасы жолдауы. 2014ж.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2016 ж.
Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана, 2007ж.
Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім-Образование .-2006ж.
Қазақстан мектебі: Шетел тілінің маманының кәсіби ерекшелігі, № 5,2013ж.