Сайт Өрлеу

Астана: ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Ағылшын тілі» пәнін оқыту бойынша курс

Астана: ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Ағылшын тілі» пәнін оқыту бойынша курс

Астана: ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Ағылшын тілі» пәнін оқыту бойынша курс

2017 жылдың 20 қараша -09 желтоқсан  аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындаҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Ағылшын тілі» пәнін оқыту бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілуде.

Бүгінгі таңда әлемде білім беру жүйелері сапа және қолжетімділік тұрғысында қайта қаралып жатыр. Соның ішінде мынадай түйінді сұрақтар басымдыққа ие болып отыр: «Балаларды ХХІ ғасырда табысты болуға қалай үйретуге болады?» және «Ол үшін қандай тиімді оқыту тәсілдерін дайындауға болады?». Оқыту барысында оқытушылар іс жүзінде жинақталған педагогикалық тәжірибесімен және дайындаған стратегияларымен бөлісуде.

Курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ағылшын тілі»

Бағдарламаның мақсаты:«Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайындағы ағылшын тілі» пәнінен білім беру бағдарламасын жаңарту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері: мұғалімдерді пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны, сабақтастығы, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру; тиімді оқыту және оқу материалдарын пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолдануды түсінуін және білуін қамтамасыз ету; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінуін және білуін қамтамасыз ету; ұстаздарда орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті дағдыларын қалыптастыру.

Курс нәтижесінде: жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсаттары мен міндеттерін білді және түсінді; тиімді оқыту мен оқу материалдарын пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолдана алды; оқу бағдарламасымен бірге пайдаланылатын бағалау моделіне қол жеткізудегі критериалды бағалау жүйесін, жаңартылған білім білім беру бағдарламасына байланысты тиісті оқыту әдістемесін түсініп, қолдана алды.

Ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі тәсілінде келесі оқыту әрекеттері жүреді: мұғалімнің сөзі сыныптағы обьектілер мен визуалді мазмұнға шоғырландырылады. Диаграммалар, суреттер, хабарландырулар және басқа шынайы обьектілер оқыту сұрақтарының басты тақырыбы қызметін атқарады. Тапсырмалар тілдік нысанға емес, мазмұнды ақпараттық ықпалға шоғырланған. Жұптық немесе топтық жұмыс қолданылатын болады, онан әрі мұғалім басқаратын бүкіл сыныптың талқылауы жүргізілуде. Шынайылық тәсілдің әдістері физикалық әсер және коммуникативті тілге оқыту сияқты басқа да әдістермен бірге қолданылады.

Курс барысында мұғалімдер оқытудың коммуникативті қағидаттарын ұсынды, олар тілдің грамматикалық сауаттылығы мен грамматикалық нормалардан гөрі, тілді қарым-қатынас үшін қолдану қабілетіне көбірек көңіл бөлді. Оқытудың коммуникативті әдісінің мәні негізгі тілдік, жанды қарым-қатынас үдерісінде бірмезгілде дамитындығында. Өтіліп жатқан материалды шапшаң меңгеру екінші тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылымы оқушыға шынайы, эмоционалды нақыштағы жағдаят аясында ұсынылуы есебінен жүзеге асуда.

Жағымды эмоционалды ахуал, жұптық және топтық жұмыс, қызықты тақырыптардағы пікірталастарға қатысу, ойын элементтері мұғалімге оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін есепке алуға, уәждерін күшейтуге, сабақтарды шығармашыл және мазмұнды етуге мүмкіндік беруде.

Оқыту мен оқу іс-әрекеттің жекелеген екі түрі емес, бір үдерістің байланысқан элементтері екенін түсінген маңызды. Мұғалімдер оқудың қалай жүретінін және өзінің оқыту тәжірибесін қалайша жақсартуға болатынын түсінген сайын, оқытудың тиімділігі арта түседі. Ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың табыстылығын арттыруда мынадай стратегия-лардың анағұрлым тиімді екендігі анықталған. Олар: белсенді оқыту (мысалы, оқушылар шынымен тапсырма орындап, практикалық дағдыларын жүзеге асырған кезде); кері байланыс (мысалы,құрдастар арасында, не мұғалім мен оқушылар арасында тууы мүмкін өзіндік пікірін білдіретін оқытудағы пікірталас); сенімділікті арттыру (мысалы, уәждеу және сенімін арттыруда оқушыларды мадақтауды қолдану; оқыту сапасы (мысалы, жоспарлауда саралау тапсырмаларын қолдану).

3 комментариве к “Астана: ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Ағылшын тілі» пәнін оқыту бойынша курс

  1. Улжан

    Бүгін 4 оқу күнін аяқтап, үйге келіп, ойымды жинақтап, қорытып, үй тапсырмасын жасап отырмын. Жаңартылған бағдарламаға үреймен, қорқынышпен қарап, ол сыныптарды оқутыдан бас тартқандардың бірімін. Осы қорқынышымды басып, алға үлкен сеніммен бет бұрта белген осындай курс ұйымдастырушыларына мың алғыс. Оқу Әсіресе топ тренері, әрі бізге білім нәрін сусындарды және бағыт~бағдар беріп отырган Асқарова М.А және кураторымыз Налибаева Г. алғысымыз шексіз. Курстың басталғаны енді, алдағы уақытқа нық сеніммен қарауға мүмкіндігіміз зор!

  2. Сандугаш

    Құрметті əріптестермен жəне оқырман қауым!Біз Астана қ. МЛ жəне МГ ағылшын пəн ұстаздары қазіргі танда осы курсты оқып жүріп алғысымыз шексіз болғанмен жағымды эмоционалды ахуал,уəждерін күшейтуге,сабақтарымызды шығармашыл жəне мазмұнды етуге мүмкіндік беруде.
    Учитель призван совершать чудеса .Их ждут от него ученики ,и это происходит если с моделировать такие условия при которых личность ребёнка получает наибольшие развития.
    Общество ставит перед учителем задачу
    -обеспечить условия гормоничного развития ученика как личности.
    С 20.11.2017г.по 09.11.2017г. проводятся курсы квалификаций уителей в рамках обновлённого содержания среднего образования РК для учителей английского языка тренером которая является Аскарова Мадина Абилкасымовна и куратором Налибаева Г. проводят тренинги ,практические занятия ,основная цель которых-подготовка специалистов ,способных мыслить творчески и целенаправленно решать самые сложные задачи 5х-7х классов . Курсы нравятся своим содержанием,навизной формы работы,я уверенна говорю что они позволят получить огрымный заряд энергий и по новому взглянуть на предмет.
    Хочу выразить огромную благодарность тренеру Аскаровой Мадине Абилкасымовне и куратору Налибаевой Г. от всей группы «Super» г.Астаны ,а нас очень много 30 учителей.
    Считаю Я в праве выразить благодарность так как Я являюсь старостой этой группы и учитель английского языка Салихова Сандугаш Аблахатовна ШГ2 им.Ғаффу Қайырбекова г.Астана
    Учителя английского языка, и золотые коллеги это:ШГ82 г.Астана Рахимова Т.Х.,ШГ53 г.Астана Маликова С.Р.,ШГ77 Изей Н.,ШГ59 Кайрамбекова Ж.О.,ШГ53 Тургамбаева Д.К.,ШГ81 Баймаханова У.М.,ШЛ1 Алпасова С.К.,ШГ64 Едилова Г.Т.
    Мы проявляем огромное уважение и внимательность за чуткость,доброжительность,терпение,высокий профессионализм ,за психологический комфорт созданный Вами на данный момент.
    Благодаря Вам,мы повышаем свой профессиональный уровень,что объязательно положительно сложится на качестве нашей работы.
    Всем золотым коллегам, желаю только удачи в нашей с Вами профессиональной деятельности.
    I have a lot to thank these teachers for group «Super» couldn’t have done it without my gold teachers for &thank you for all the support you have given me over the time!

  3. Макпал

    Жаңартылған білім мазмұнындағы ағылшын тілі курсында көптеген жаңа əдіс-тəсілдерді үйреніп, жаңа бағдарламаның бағыты мен жаңашылдығын үйренудемін. Осы курстағы тəжірибесі мол, жаңашыл М.Ə.Асқарова тренерімізге алғысым шексіз. Топтағы əріптестеріммен тəжірбие алмасып, тренердің бағытымен жақсы нəтижеге жетемін деген сенімдемін.