Сайт Өрлеу

ӨЗ ТІЛІҢ БІРЛІК ҮШІН, ӨЗГЕ ТІЛ ТІРЛІК ҮШІН

ӨЗ ТІЛІҢ БІРЛІК ҮШІН, ӨЗГЕ ТІЛ ТІРЛІК ҮШІН

Турумбаева Айнур Мухаметовна
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы №18 орта мектеп

Қазір біздің мемлекетімізде «үш тұғырлы тіл» саясаты іске асуда. Осыған орай елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік тақырыбына ерекше назар аударды. Елбасымыз өз сөзінде орыс тіліне ерекше көңіл бөлді. «Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы Қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауымыз керек» деп атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлығын, әсіресе жас ұрпақ өкілдерін ағылшын тілін үйренуге шақырды. Президентіміздің айтуынша бүгінде көптеген балалар үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп алған. Осы тұста айта кететін болсам, мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы №18 орта мектепте ағылшын тілі пәнінен 1,3 сыныптарға сабақ беремін. Үштілділікті өзімнің күнделікті сабағымда пайдаланамын. Мысалы: 1 сыныпқа «Түстер» тақырыбы бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерде жазылған көрнекіліктерді үнемі пайдаланамын Мысалы: (сары, желтый, yellow). Осылай үштілді қатар сабағымда пайдаланғанда балаларға өте қызық, ерекше талпыныспен отырғандарын көргенде іштей қуанамын. Алғашқыда ата – аналар тарапынан балаларына үш тілді қатар меңгеру қиын екенін айтқанымен қазіргі кезде ата – аналардан жағымды пікірлерді көп естимін. Бұл да мен үшін үлкен қуаныш деп білемін. Мектепке дейінгі жастағы балаларға қай тілді болсын жақсылып үйретсе, тез үйреніп, меңгеріп кетеді. Кішкентай балалар тез үйренгіш келеді. Олар тілді тез меңгереді. Қазіргі таңда балаларға барлық жағдай жасалған. Олар кішкентайынан жақсы білім алып, көп тілді меңгерсе, болашақта еліміздің өркениетті ел болып дамуына өз үлестерін қосары анық. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген осы орайда өте орынды айтылған мақал.
Қоғамда кейбір ауыздардан басқа тілді білуді жағымпаздық, еліктеушілік деп естимін. Өзге тілдерді үйренсек, қазақ тілімізді жоғалтамызба деп қорқады қоғамның кейбір бөлігі. Алайда, біз мынаны түсінуіміз керек. Президентіміз «Қазақстан – 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Оған ешкімнің күмәні болмауы керек.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деген ескерту айтқан болатын. Міне сондықтан, біз тілді үйренуден, білуден қорқпауымыз керек.  «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, мағынасын қазақ халқы ақырындап түсінеді деген ойдамын. Адамға көп тіл білу мүлдем артық етпейді. Керісінше тіл білген адам адаспайды дегім келеді.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл — тірлік үшін екенін әрбір көзі ашық адам түсіну керек деп ойлаймын. Бұл әрине бүгін немесе күні ертең іске асып кете қоятын дүние емес. Уақыт өте келе «Үш тұғырлы тіл» саясатына қоғам оң көзбен қарайтына сенемін.
Болашақта адамдар көп тілді меңгеру арқылы, еліміз дамыған алпауыт елдердің қатарына кірсе екен деген арман бар. Біздің Қазақстанымызды әлем мойындаса екен. Ағылшын, орыс тілін білгісі келетін ниетті жастар көбейсе екен.