Сайт Өрлеу

6-9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ГРАММАТИКАСЫ» АРНАУЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

6-9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ГРАММАТИКАСЫ» АРНАУЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

Сугралинова С.С., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия, Ақтөбе

Түсінік хат

Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы болып саналады. Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Ата заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген.
Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттардың бірі. Елбасымыз үстіміздегі жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдені жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі – ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.
Қазіргі уақытта аталған Жарлыққа сәйкес «Тілдердің үштұғырлығы »мәдени жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық өмірдің барлық салаларында қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінің функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар қолға алынып жатыр.
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемді құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқытудың  негізгі мақсаты: бірнеше тіл меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарда қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттілігін және ғаламдық деңгейде ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Аталған бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген, бәсекеге қабілетті, жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру болып табылады. Бұл бағдарлама жас ұрпақты болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетен жан ретінде тәрбиелеуді көздеп отыр.
Бұл арнайы курс 6-9-сынып оқушыларына арналып, жылына 34 сағатқа жоспарланған. Курс практикаға бағытталып, қазақ тілінің негізгі курсына қосымша ретінде құрастырылған. Бұл курста қарастырылған сұрақтар қазақ тінен негізгі бағдарламасының мазмұнын толықтырады және кеңейтеді, соған қоса  негізгі курсымен қабыса байланысады.
Бұл курстың мақсаты:

  • қазақ тілі пәнінің білім мазмұның жаңарта отырып, оқушыға терең білім беру;
  • қазақ тілі грамматикасын ағылшын тілінің грамматикасымен салыстыра оқытып, тілдердің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын ізденіс арқылы аша отырып, үш тілді жеңіл де, қызықты да меңгертуге;
  • «Морфология» және «Синтаксис» курстарының негізгі тақырыптары бойынша білімді тереңдету және жүйелеу.

Курстың  міндеттері:

  • қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксис жөнінде нақты теориялық мәліметтер алу;
  • бұл саланың бірліктерін, олардың тілдегі қызмет атқару, тіркесу, түрлену, мен өзгеру заңдары мен ережелерін білу;
  • синтаксистік құбылыстарына білікті талдау жасауға ғылыми-лингвистикалық және оқу әдебиетті пайдалануға практикалық дағдылар қалыптастыру;
  • оқушылардың өздерінің жазба тілдеріне назарларын активтендіру;
  • қазақ тілі және ағылшын тілі сабақтарында алған білім мен дағдылардың практикалық пайдалануды қамтамасыз ету;
  • пәнаралық негізінде оқушылардың тілі мен ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызу.

Сонымен, «Қазақ тілі мен ағылшын тілінің салыстырмалы грамматикасы» арнайы курсының оқу материалдары төмендегідей дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді:

  1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни тілдік білік пен коммуникативтік біліктіліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып оқыту.
  2. Қазақ тіл білімі ағылшын тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен қатар, сол білімді білікпен сабақтастыруға басымдылық беру.
  3. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл туралы білімнің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.
  4. Тілдік білімнің лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мәселелерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.

Оку-тақырыптық жоспар
6-сынып

Тақырыбы Сағсан Қысқаша мазмұны
  1. Зат есім 1 Зат есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі.Зат есімдердің өзіндік белгілері. Зат есімнің құрамдық, тұлғалық сипаттаоры. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ерекшеліктері.
  2. Зат есімнің көптелуі 1 Көптік жалғаудың сөзге жалғану реті.
  3. Зат есімнің септелуі 1 Септік жалғаулардың мағыналары, жалғану реті.
  4. Қазақ тіліндегі зат есімнің тәуелденуі мен ағылшын тілінің тәуелдік септігі 1 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тәуелдік жалғаудың ерекшкліктері
  5. Барыс септік 1 Барыс септіктің беретін грамматикалық мағынасы, қызметі. Ағылшын тілінің шылаулары.
  6. Жатыс септік 1 Жатыс септіктің беретін грамматикалық мағынасы, қызметі. Ағылшын тілінің шылаулары.
  7. Табыс септік 1 Табыс септіктің беретін грамматикалық мағынасы, қызметі. Ағылшын тілінің шылаулары.
  8. Шығыс септік 1 Шығыс септіктің беретін грамматикалық мағынасы, қызметі. Ағылшын тілінің шылаулары.
  9. Көмектес септік 1 Көмектес септіктің беретін грамматикалық мағынасы, қызметі. Ағылшын тілінің шылаулары.
10. Ағылшын тіліндегі зат есімдердің артикльдері 1 Артикльдердің жалпы қызметі, дұрыс қолдануы
11. Сын есім 1 Сын есімнің жасалу жолдары. Сын есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі
12. Сын есімнің шырайлары 1 Сын есімнің шырайларының жасалу жолдары. Сын есімнің мағыналық топтары мен оның құрамдық, тұлғалық сипатының арақатынасы.
13. Сын есімнің сөйлемдегі орны 1 Сын есімдердің тек зат есімдермен байланыстылығы.
14. Субстантивтенген сын есім 1 Сын есіәмнің тұлғалық арақатынасы. Сын есімдердің ойды көркемдеп жеткізудің  рөлі.
15. Есімдік. Жіктеу есімдігі. 1 Сөз табының есімдік деп аталу сыры. Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретіндігі.
16. Өздік есімдіктері 1 Өздік есімдіктерінің қолданылатын орындары, сұрақтары.
17. Ағылшын тіліндегі тәуелдік есімдіктер 1 Тәуелдік есімдігінің ойды білдіруге мәні.
18. Сілтеу есімдіктері 1 Сілтеу есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктері, қолданылатын орындары, сұрақтары.
19. Белгісіздік  есімдіктері 1 Белгісіздік есімдіктерінің қолданылатын орындары, сұрақтары. Белгісіздік есімдіктерінің жазылу емлесі.
20. Сұрау есімдіктері 1 Сұрау есімдіктерінің қолданылатын орындары
21. Ағылшын тілінің эмфикалы есімдіктері 1 Ағылшын тілінің эмфикалы есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі.
22. Сан есім. Есептік  сан есімдер 1 Дара есептік сандар. Күрделі есептік сандар. Есептік сандардың қолданылатын орындары
23. Реттік сан есімдер 1 Реттік сан есімдерінің жасалу жолдары.  Реттік сан есімдерінің қолданылатын орындары, жазылу емлесі.
24. Бөлшектік   сан есімдер 1 Бөлшектік сан есімдерінің жасалу жолдары, олардың қолданылатын орындары
25. Жинақтық сан есімдер 1 Жинақтық сан есімдерінің жасалу жолдары, олардың қолданылатын орындары
26. Болжалдық  сан есімдер 1 Болжалдық сан есімдердің жұрнақ арқылы жасалуы. Болжалдық сандардың қосарланып тіркесіп жасалуы, олардың қолданылатын орындары, жазылу емлесі.
27. Топтық сан есімдер 1 Топтық сан есімдердің жасалу жолдары, олардың қолданылатын орындары, емлесі.
28. Мезгіл үстеулері 1 Мезгіл үстеулердің қолданылатын орындары, қолдану мақсаты.
29. Мекен үстеулері 1 Мекен үстеулердің мағыналары, сұрақтары. Мекен үстеулердің қолданылатын орындары.
30. Қимыл-сын  үстеулері 1 Қимыл-сын үстеулердің мағыналық ерекшкліктері, сұрақтарыҚимыл-сын үстеулерінің қолданылатын орындары, қолдану мақсаты.
31. Күшейту үстеулері 1 Күшейту үстеулерінің білдіретін мағыналары, сұрақтары. Күшейту үстеулерінің қолданылатын орындары, қолдану мақсаты.
32. Себеп-салдар үстеулері 1 Себеп-салдар үстеулерінің білдіретін мағыналары, сұрақтары. Күшейту үстеулерінің қолданылатын орындары, қолдану мақсаты.
33. Топтау үстеулері 1 Топтау үстеулерінің мағыналық белгілері, сұрақтары. Топтау үстеулерінің қолданылатын орындары, қолдану мақсаты.
34. Ағылшын тіліндегі модалді және көзқарас білдіретін үстеулер 1 Ағылшын тіліндегі модалді және көзқарас білдіретін үстеулердің қолданылатын орындары, қолдану мақсаты.
Барлығы 34

Оку-тақырыптық жоспар
7-сынып

Тақырыбы Сағ сан Қысқаша мазмұны
1. Зат есімнің жіктелуі 1 Жіктелетін зат есімдер тобы. Зат есімдерге жалғанған жіктік жалғаудың қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Ағылшын тіліндегі «to be» көмекші етістігі
1. Етістіктің түрленуі 1 Етістіктің түрлену категориялары – шақ, рай формалары. Щақтың уақыт ұғымымен бірлігі
2. Болымды және болымсыз етістіктер 1 Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары. Болымды және болымсыз етістікткрді салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығы.
3. Салт және сабақты етістіктір 1 Салт және сабақты етістіктірдің субъекті мен объектіге қарым -қатынасы
4. Есімше 1 Есімшелердің қосымша арқылы жасалатындығы. Есімшенің етістікке де, сын есімге де ұқсастытылығы жайында мағлұмат беру. Есімшенің түрленуі, олардың беретін мағыналары.Көсемше.
5. Көсемше 1 Көсемшенің жасалу жолдары, олардың беретін мағыналары.
6. Тұйық етістік 1 Тұйық етістік – қимыл есімдері. қимыл есімдерін жасайтын қосымшалар. Қимыл есімдердің іс-қимыл процесінің атауын білдіретіндіг.
7. Өткен шақ 1 Өткен шақтың түрлері және жасалу жолдары
8. Жедел өткен шақ 1 Жедел өткен шақтың мазмұны. Жедел өткен шақтың жасалу жолдары
9. Бұрынғы өткен шақ 1 Бұрынғы өткен шақтың мазмұны. Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
10. Ауыспалы өткен шақ 1 Ауыспалы өткен шақтың мазмұны. Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары
11. Өткен шақ формаларының бірлігі мен айырмашылығы 1 Өткен шақ түрлерін сөз мазмұнымен сәйкес дұрыс қолданудың мәні. Өткен шақ формаларының әдеби шығармаларда қолданудың ерекшкліктері
12. Осы шақ 1 Осы шақтың мазмұны. Осы шақтың жасалу жолдары
13. Нақ осы шақ 1 Нақ осы шақтың мазмұны. Нақ осы шақтың жалаң түрі
14. Нақ осы шақтың күрделі түрі 1 Күрделі нақ осы шақтың жасалу жолдары, жіктелуі.
15. Ауыспалы осы шақ 1 Ауыспалы осы шақтың мазмұны. Ауыспалы  осы шақтың жасалу жолдары, жіктелуі.
16. Осы шақ формаларының бірлігі мен айырмашылығы 1 Осы шақ түрлерін сөз мазмұнымен сәйкес дұрыс қолданудың мәні. Осы шақ формаларының әдеби шығармаларда қолданудың ерекшкліктері
17. Келер шақ 1 Келер шақтың түрлері және жасалу жолдары
18. Болжалды келер шақ 1 Болжалды келер шақтың мазмұны. Болжалды келер шақтың жасалу жолдары.
19. Мақсатты келер шақ 1 Мақсатты келер шақтың мазмұны. Мақсаттыкелер шақтың жасалу жолдары.
20. Ауыспалы келер шақ 1 Ауыспалы келер шақтың мазмұны. Ауыспалы келер шақтың жасалу жолдары.
21. Келер шақ формаларының бірлігі мен айырмашылығы 1 Келер шақ түрлерін сөз мазмұнымен сәйкес дұрыс қолданудың мәні. Келер шақ формаларының әдеби шығармаларда қолданудың ерекшеліктері
22. Етістіктің райлары 1 Рай формасының сөйлеушінің көзқарасымен, пікірімен бірлігі. «Рай»  терминің мәні. Райлардың жақпен, шақпен және дыбыстармен қатысы.
23. Бұйрық рай 1 Бұйрық райдың мағынасы. Бұйрық райдың мағынасының І, ІІ, ІІІ жақтардың барлығына арналатындығы. Бұйрық райдың етістіктің жалан және күрделі  түрлері арқылы берілуі.
24. Бұйрық райдың ІІ жақ түрі 1 Бұйрық райдың ІІ жақ түрінің жасалу жолдары
25. Бұйрық рай формалары етістіктің жіктелуі 1 Етістіктің жіктелуінің дыбыс үндестігімен қатысы
26. Шартты рай 1 Шартты райдың мағынасы, жасалу жолдары
27. Қалау рай 1 Қалау райдың мағынасы, жасалу жолдары
28. Қалау рай формалары етістіктің жіктелуі 1 Етістіктің жіктелуінің дыбыс үндестігімен қатысы
29. Райлардың өзара бірлігі мен ерекшеліктері 1 Әр райдың қолданыс ерекшеліктері
30. Етістіктердің сөйлемдегі қызметі 11 Етістіктердің жіктеліп келіп, баяндауыш бола алатындығы
31. Етістіктердің  сөйлемдегі қызметі 11 Есімше және тұйық етістік атау септікте тұрып, бастауыш болатындығ
32. Етістіктердің  сөйлемдегі қызметі 1 Сөйлемде толықтауыш , анықтауыш, пысықтауыш қызметін атқара алатындығы.
33. Етістіктің жіктелуі мен зат есімнің жіктелуі арасындағы ерекшеліктер 1 Жіктік жалғаулардың жақ, шақ, рай формаларымен байланыстығы
Барлығы 34

Оқу-тақырыптық жоспар
8-класс
 

Тақырыбы Сағ сан Қысқаша мазмұны
1. Фонетика, лексика, морфологияны қайталау. Repet  the Phonetics, Words and Morphology. 1 5-7 –сыныптарда өткен фонетика, лексика, сөздердің жасалуы, морфология және орфография материалдарын жүйелеу, жинақтау, қайталау.
2. Кіріспе сабақ. Синтаксис – тіл білімі грам-матикасының үлкен бір саласы. Introduction. Syntax. 1 Синтаксистің зерттеу нысандары. Синтаксистің лексикамен, фонетикамен, сөзжасаммен, морфологиямен байланысы. 8-сыныпта өтілетін ұғымдар.
3. Сөз тіркесі. The Word combinations (Phrases). 1 Сөз тіркесінің сипаттамасы, оның сөйлем құраудың материалы болатындығы. Сөздер сөйлем құрамында жұмсалу үшін өзара байланыста айтылатындығы. Дербес мағынасы бар негізгі сөздер ғана сөз тіркесін құрайтындығы. Көмекші сөздер негізгі сөздің жетегінде болып, сөз тіркесінің құрамына  енетіндігі.
4. Сөздердің грамматикалық байланысы. 1 Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің тұрақты тіркестерден, күрделі сөздерден, сөйлемнен ерекшклігі мен ұқсастығы. Сөз тіркесінің тек өзіне тән белгілері. Сөз тіркесінің лексикамен, фонетикамен, морфология мен фонетикамен байланысы.
5. Сөздердің байланысу тәсілдері. 1 Сөздердің байланысу тәсілдері: қосымша арқылы, орын тәртібі арқылы, шылаулар арқылы. Тәсілдердің осы ретінің сөздердің байланысу түрлерін саналы ұғуға тірек болатындығы.
6. Сөздердің байланысу түрлері. 1 Сөздер байланысының сөз мағыналарымен қатысы. Сөз құрамындағы байланыстырушы тұлғалар. Сөздердің байланысындағы қосымшалардың рөлі.
7. Қиысу, анықтамасы. 1 Қиысудың байланысу тәсілдері. Интонация және жіктік жалғауы арқылы қиыса байланысатын сөз таптары.
8. Матасу, анықтамасы. 1 Матасудың байланысу тәсілі. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы матаса байланысатын сөз таптары.
9. Меңгеру, анықтамасы. 1 Меңгерудің байланысу тәсілдері. Септік  жалғаулары арқылы меңгеріле байланысатын сөз таптары.
10. Қабысу, анықтамасы. 1 Қабысудың байланысу тәсілі. Орын тәртібі арқылы байланысатын сөз таптары.
11. Жанасу, анықтамасы. 1 Жанасудың байланысу тәсілдері. Жанасудың қабысудан айырмашылығы. Жанаса байланысатын сөз таптары.
12. Сөз тіркестерінің түрлері: есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі. 1 Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар. Анықтауыштық қатынас. Толықтауыштық қатынас. Пысықтауыштық қатынас. Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастардың сөйлем мүшелерімен қатынасы.
13. Сөйлем туралы түсінік. The Sentence. 1 Сөйлемге өзіне тән грамматикалық белгілері (интонация, шақпен байланыстығы).
14. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері. 1 Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем; бұлардың жасалу жолдары, интонациялық айырылық ерекшелігі, тыныс белгілері. Лепті сөйлем, оның интонациямен айтылып, адамның көңіл-күйін білдіретіні., тыныс белгісі.
15. Сөйлемнің түрлері жөнінде өткенді қайталау. 1 Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем; Бұлардың жасалу жолдарын практикалық жолмен қайталау.
16. Сөйлем мүшелері. Articles of  the Sentence. 1 Сөйлем мүшелері туралы түсінік.
17. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш. Principal  syntactic functions. Subject. 1 Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш: оның тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Бастауыштың жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының бастауыш болу шарты. Дара және күрделі бастауыштар. Күрделі бастауыштың жасалуы.
18. Баяндауыш. Predicate. 1 Баяндауыш: оның тұлғалық, мағыналық белгілері. Баяндауыштың сұраулары,оның сөз табына қатысы. Баяндауыштың жасалуы. Дара және күрделі баяндауыш. Күрделі баяндауыштың жасалу жолы.
19. Тұрлаулы мүшелер жөнінде өткенді қайталау. Repet the principal functions. 1 Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
20. Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыш. Secondary syntactic  functions. The Object. The direct and indirect Object. 1 Толықтауыш: оның тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Толықтауыштың жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының толықтауыш болу шарты. Дара және күрделі толықтауыш. Күрделі толықтауыштың жасалу жолдары. Тура және жанама толықтауыш. Толықтауыштың басқа сөйлем мүшелерімен байланысы.
21. Анықтауыш. Дара және күрделі анықтауыш. The Attribute. Tne Simple and complex Attribute. 1 Анықтауыш: оның тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Анықтауыштың жасалуы. Дара және күрделі анықтауыш. Күрделі анықтауыштың жасалу жолдары. Анықтауыштың басқа сөйлем мүшелерімен байланысы.
22. Пысықтауыш. Пысықтауыштың түрлері. The Adverbial Modifiers. 1 Пысықтауыш: оның тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Пысықтауыштың жасалуы. Дара және күрделі пысықтауыш. Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары. Пысықтауыштың түрлері: мекен пысықтауыш, мезгіл пысықтауыш, қымыл-сын пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп пысықтауыш. Пысықтауыштың басқа сөйлем мүшелерімен байланысы.
23. Тұрлаусыз мүшелер жөнінде өткенді қайталау. 1 Практикалық тапсырмаларды орындау.
24. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. 1 Бірыңғай мүшелер жөнінде түсінік. Бірыңғай мүшелерге тән грамматикалық белгілер. Бірыңғай мүшелерге тыныс белгілері.
25. Бірыңғай мүшелер жөнінде өткенді қайталау. 1 Практикалық тапсырмаларды орындау.
26. Оқшау сөздер. Қаратпа сөз, одағай. 1 Оқшау сөздер туралы түсінік. Оқшау сөздерінің түрлері: қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай.
27. Қыстырма сөз. 1 Қыстырма сөздердің түрлері: қыстырма сөз, қыстырма тіркес, қыстырма сөйлем.
28. Құрамына қарай жай сөйлемнің түрлері. 1 Жай сөйлем түрлері. Жай сөйлем туралы түсінік.
29. Жалаң және жайылма сөйлем. 1 Жалаң және жайылма сөйлемдер, олардың грамматикалық белгілері.
30. Толымды және толымсыз сөйлем. 1 Толымды және толымсыз сөйлемдер. Толымсыз сөйлем болудың жағдайлары(контекст, диалог).
31. Жақты сөйлем. Жақсыз сөйлем. 1 Жақты сөйлем, оның негізгі белгілері. Жақсыз сөйлем, оның құрылысы, жасалу жолдары.
32. Жай сөйлемнің түрлері бойынша өткен материалды қайталау. 1 Жай сөйлемнің түрлері бойынша өткен материалды қайталау.
33. Қайталау. Оқу жылы соңындағы қайталау. 1 Синтаксис саласынан өткен материалды қайталау.
34. Сынақ. 1

Оқу-тақырыптық жоспар
9-сынып
 

р/с Тақырыбы Сағ сан Қысқаша мазмұны
1. Фонетика, лексика, морфологияны қайталау. Repet the Phonetics, Words and Morphology. 1 5-8- сыныптарда өткен фонетика, лексика, сөздердің жасалуы, морфология және орфография материалдарын жүйелеу, жинақтау, қайталау.
2.                       Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін қайталау. The Word combinations (Phrases). 1 Сөздердің байланысу тәсілдері: қосымша арқылы. интонация арқылы, орын тәртібі арқылы, шылаулар арқылы. Сөздердің байланысының сөз мағыналарымен қатысы.
3. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлерін қайталау. The Simple Affirmanive Sentence. Repet the principal and secondary syntactic functions. 1 Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, олардың сөйлемдегі қатысу –қатыспауына байланысты жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері.
4.                       Ұшақта.Сұраулы сөйлемдер. Jn the plane. Interrogative Sentence. 1 Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары: сұраулық шылаулар және сұраулы есімдіктер арқылы.
5.                       Әуежайда. Қалау рай. At the terminal. Can/cant modal verbs. 1 Етістіктің қалау райдың жасалуы.
6. Автобуста.Сұраулы есімдіктері. A coach jorney. 1 Сұраулы есімдіктердің сөйледегі қызметі.
7.                       Кездесу. Meeting people Бұйрық рай. «Істей аламын» модальділігі. The Interrogative Pronouns. 1 Бұйрық райдың жасалу жолдары. Істей аламын / істей алмаймын модальділігінің жасалуы мен жіктелуі.
8.                       Қонақ үй. Ілік септігі.The Hotel. The Possessive Case. 1 Ілік септігінің жалғаулары.
9.                        Таңертеңгі ас. Нақ осы шақ. At the breakfast. 1 Нақ осы шақтың жасалу жолдары. Нақ осы шақтың жіктелуі.
10.                      Жоғалған кілт. Нақ осы шақ /күрделі түрі/. The lost key. 1 Күрделі нақ осы шақтың жасалу жолдары. Нақ осы шақтың жіктелуі.
11.                      Спортпен шұғылдану. Нақ осы шақтың сұраулы және болымсыз түрі. The Sport. The Present Continuous Tense. 1 Нақ осы шақтың болымсыз түрінің жасалуы.
12.                      Дүкенге бару. Нақ осы шақтың сұраулы және болымсыз түрі. The shopping. 1 Нақ осы шақтың болымсыз түрінің жіктелуі.
13.                      Қала сыртына серуендеуді жоспарлау. Нені жақсы көресің? Planning a trip. 1 Ауыспалы келер шақ жұрнақтары.
14.                      Қала сыртында демалу. A day out. 1 Жедел өткен шақ жұрнақтары.
15.                      Мұражайда. Баяндауыштың қызметіндегі сын есімдер . At Warwick castle. 1 Сын есімдердің баяндауыш қызметін атқарудағы ерекшеліктері.
16.                      Сынақ. 1 Тестілеу.
17.                      Кафеде. Өткен шақ. In the tearoom. 1 Өткен шақтың жұрнақтары.
18.                      Кәдесыйларды сатып алу. Мезгіл үстеулер. Shopping for souvenirs. 1 Дүкенде ұнаған затты көрсетуге, бағасын сұрауға сұрақтар үлгілері.
19.                      Хат жазу. Керек, қажет модальділігі. A poustcard to the family. 1 Не істеу керек/ керек емес модаль формаларының үлгілері.
20.                      Сән аптасы. Сын есімнің салыстырмалы шырайы. A fashion Parade. 1 Сын есімнің салыстырмалы шырайдың жұрнақтары.
21.                      Банкте. Ақша айырбастау. Болжалды келер шақ. Money matters. 1 Болжалды келер шақтың жіктелуі.
22.                      Қиын жағдайға ұшырау. Келер шақ түрлері.A crisis. 1 Келер шақ түрлерінің жасалу жолдары.
23.                      Сейіл. Келер шақтың сұраулы және болымсыз түрлері. A picnic. 1 Келер шақтың сұраулы және болымсыз түрлері.
24.                      Қоршаған орта. «Болады/ болмайды» көмекші етістіктер. The environment. 1 Болады/ болмайды  көмекші етістіктердің жақсыз сөйлемнің құрамындағы баяндауыш ретінде қолданылуы.
25.                      Көліктер. Өткен шақтың болымсыз түрі. Car trouble. 1 Өткен шақтың болымсыз түрінің жұрнақтары.
26. Телефон арқылы сөйлесу. Мақсатты келер шақ. A telephone call. 1 Өткен шақтың болымсыз түрінің жасалуы.
27.                      Ержүрек студенттер. Төлеу сөз. Brave student. 1 Төлеу сөздің жасалу жолдары.
28.                      Билет кассасында. Бірнеше жыл бұрын. Box office. 1 Бұрын, кейін, дейін, соң  шылаулардың зат есімдермен тіркесуі, мезгіл пысықтауыш құрамына кіруі.
29.                      Лондондағы бір күн. Кафеде тапсырыс беру. A day in London. 1 Қалау райдың жіктелуі.
30.                      Мәдениет туралы. Сын есімдердің асырмалы шырайы. A bit of culture. 1 Сын есімдердің асырмалы шырайдың жасалу жолдары.
31.                      Қызықты кездесу. Жіктеу есімдіктерінің септелуі. An interesting meeting. 1 Жіктеу есімдіктерінің септік жалғаулары.
32.                      Теледир бағдарламалары.
TV programmes.
1 Еді көмекші етістіктің күрделі етістіктің құрамында мағынасы мен жіктелуі
33.                      Қазақстаннан келген қонақтар. Өздік есімдіктері. Visitors from Kazakhstan. 1 Өздік есімдіктерінің тәуелденуі мен септелуі.
34.                      Сынақ. 1 Жыл бойы өткенді қайталау.

Пайдаланылған әдебиет

  1. Ляховицкий М.В. Методика преподавания иностранного языка. – М., 1981г.
  2. Щерба Л.В. Преподавание иностранного языка в средней школе. – М.: Просвещение, 1973.
  3. Пассов Е.И. Урок иностранного языка в средней школе. – М., 1988г.
  4. Рогова Г.В., Верещагина И.Н. Методика обучения английскому языку в средней школе. – М., 1988г.
  5. Скалкин В.Л. Английский язык для общения. – М., 1986г
  6. Леонтьев А.А. Некоторые психолингвистические аспекты начального этапа процесса овладения языком. — В кн.: “Вопросы обучения иностранному языку на начальном этапе”. М., 1976г.
  7. Балақаев М., Сайрамбаев Т. — Қазіргі қазақ тілі. А-ты, 1997.
  8. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. — Синтаксис. А-ты, 1992.
  9. Әміров Р., Әмірова Ж. — Жай сөйлем синтаксисі. А-ты, 1996.
  10. Сайрамбаев Т. — Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. А-ты, 1991.
  11. Арғынов Х. — Синтаксис пен пунктуацияны оқыту әдістемесі. А-ты, 1978.
  12. Кубаева И. — Казахский язык. Просто о невероятно сложном. А-ты, 2005.
  13. Мыльцева Н. А., Жималенкова Т. М.  — Универсальный справочник по грамматике английского языка. Москва, «Глосса»,2005.

2 комментариве к “6-9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ГРАММАТИКАСЫ» АРНАУЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Уведомления: Использование методов и технологий обучения в преподавании языковых дисциплин | Сайт ӨРЛЕУ

  2. Венера Досжанова

    Программа интересная! Спасибо автору. Возьму себе на вооружение!