Сайт Өрлеу

МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫНА ҮШТІЛДІКТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫНА ҮШТІЛДІКТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Нургалиева Т.У.
 директордың орынбасары
«Даналық» колледжінің
Астана қаласы

Барлық ғылымдар саласы сияқты медицина ғылымын да үштілдікті дамыту – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда жоғарғы дәрежелі дәрігерлік білім беру, медициналық ғылым мен тәжірибелік жұмыстарда үш тілді білу қажеттілігі жоғары.
Талай ғасыр бұрын ауру адамды емдеу жолында римляндар мен гректер бірі медициналық терминдерді, алекіншілері аурулардың атын енгізген болатын. Осы негізде медициналық қоғамға кеңінен тараған және бүгінгі таңға дейін күшін жоймаған халықаралық медициналық тіл (терминология, аурулардың аттары т.б.) қалыптасты. Өзіміз жақсы білетін орыс тіліндегі терминдердің 70-80%-ы латын, грек, ағылшын т.б. тілдерден енген сөздер.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді [1,3]. Оқу орнынының табалдырығын аттап бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде.
Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Медицина саласындағы барлық жаңашыл жаңалықтары, қолданыста жүрген жаңа аппараттар  мен бағдарламалар ағылшын тілінде емес пе?
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда біздің «Даналық» коллеждімізде шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады.
Әр оқытушы студенттерге тек шет тілін жетік меңгертіп қана қоймай, жан-жақты болуға тәрбиелейді.
Біз болашақ мамандарды дайындау барысында олардың  бүгінгі күннің талабына және елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға  сай болуын көздеуіміз керек.
Сонымен қатар, біздің түлектер тек белгілі бір аймақтарда ғана қызмет етеді деп дайындамайтынымыз бәрімізге белгілі. Сол себептен мемлекеттік тілдегі медициналық терминдерді біріздендіріп, бір ыңғайға келтіру, сонымен бірге, олардың дүниежүзілік медициналық білім мен ғылымға сай болуын көздеу аса маңызды шара.
Медициналық салаға үш тілді енгізу мәселесінің дұрыс шешімдерін табу жолын жұмыла кірісіп іздестіру керек. Сонда ғана ол өзінің біліктілік деңгейімен өзіне сай орын алып, дәрігер мамандарын дайындаудауда оң нәтижелі болатына сенемін.
Әдебиеттер:
«Айқын» газеті, жаңа басылым «Еліміздегі ағылшын тілінің рөлі»