Сайт Өрлеу

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері

2017 жылдың 11 қарашада «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша 2-апталық біліктілікті арттыру курсы аяқталды (тренер – Даулетбаева Г.К.).

Педагогтер үш негізгі модул бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері;
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері;
  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Курс барысында тыңдаушылар «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша пилоттық білім беру ұйымы №59 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі тану» сабақтарына қатысты. Бастауыш сыныпта – Г.Е.Алдыбергенова, орта буында – Ж.Б.Тлеубаев «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу тәжірибелерімен бөлісті.

Курс аясында тренер «ЭКСПО-2017» көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны «Нұр әлем» Қазақстанның ұлттық павильонына экскурсия ұйымдастырды.