Сайт Өрлеу

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ БОЛАШАҒЫ

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ БОЛАШАҒЫ

Джалакенова Мадина Эргалиевна
Жаңа политехникалық колледжі
Шымкент қаласы

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі уақытта Қазақстан білімінің жақсы қарқынмен дамуына үкімет тарапынан көп қаржы бҿлініп отыр. Білімді ұрпақ тҽрбиелеп өсіруде, ұстаздар қауымы жыл сайын өз білімдерін толықтырып арнайы курстардан өтуі қажет. Оған мына сөз дәлел бола алады: «Қырық бес жыл ұстаз болсаң да, қырық бес минуттық сабаққа дайындал». Қазіргі техниканың дамыған, жетілген уақытында ұстаз үнемі ізденіс жолында болуы қажет. Сонда ғана үштілділікті жетілдіріп, мақсатымызға жетеміз.
Қазіргі қоғамда көптілді білу кез-келген адамды кең өріске бастайтын жол болып отыр. Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі –бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.Қазіргі заманның талабы — көптілділік. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі.
Яғни, жақсылық та — тілден, жамандық та- тілден. «Тілменен түйілген, тіспенен шешілмес.» демекші, әр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін, ой өрісін жан-жақты дамытуы керек. Сол себепті, болашақ ұрпағымызға үштілділікті қажетті деп ұғындыру ұстаздың ең  басты міндеті болып саналады.
Көптілділік  мәселесі — тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем алдында тұрған шешімін таппай тұрған мҽселелердің бірі. Қазіргі уақытта еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта үштілділікті еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі ең басты міндетіміз.
Көптілді меңгерген адам өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық. Елбасымыз  сол  үшін де  тілдердің  үштұғырлылығын  міндеттеп  отыр.
Көптілділік  мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңістікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Бұл ұғымға жалпылама  тоқталсақ. Көптілділік,  полилингвизм — нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның  өзі  жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол  адамның немесе  бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді  көптеген  факторларға байланысты. Ұлттық  құрамы бірыңғай,  бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек. Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік  болып  бҿлінеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» — деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру — заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр.  Сол себептен ақпараттық- коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының  басты  бағыттарының  бірі  ретінде  анықталды.           Көптілді білім беру дегеніміз — оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.
Көптілді білім — көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік  бағдарға  қабілетті,  мәдениетті  тұлғаны  дамыту  және  қалыптастыру.  Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін жҽне планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ақпараттық ғаламшарға  бейімделу  мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болады, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. Елбасы Н.Ҽ.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше  назар  аударады.  Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен  қатар кҿптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. «Үш тұғырлылық» жобасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл жобаның  еліміздің  әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға ҥлкен мҥмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге, осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Осы ретте көптілділік деп жүргенде  өз тілімізді  соның бірі ретінде қолданып қалмаймыз ба деген ой туындауы әбден  мүмкін.  Қазақстанның   болашағы – қазақ  тілі. Әлемдегі  жоғары  дамыған елдердің санатына  енуді  көздеген  халықтың  басты  мақсаты – сауатты  ұрпақ тәрбиелеу. Ал, сауатты  ұрпақ  тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде ой қорытып еркін сөйлей алатын, туған халқына өнеге бола білетін ұрпақ. Ал,  ана  тілін  жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл  байлығын мол  қолданбайынша, шын мәніндегі  мәдениетті  адам  бола алмайсың. «Елдің тұрмысын, тілін,  мінезін  білмеген  кісі көш басын да алып жүре алмайды», деген Алаш қозғалысының көсемі Үәлихан Бөкейхан. Сайып келгенде, үш тұғырлы тіл  мәселесіндегі  қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ  тілі – Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  тілі. Соған  орай, Президент жүктеген  тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға  қарай  «… барша  қазақстандықтар қазақ  тілін, орыс  тілін 95%  және 25% – ағылшын  тілін  меңгеруі  тиіс» делінген.
Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану  үшін  халықаралық  байланыстарды  нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Осы бағытта  балабақшалар,  мектептер, ЖОО-дары өз үлесін  қосуда. Нарықтық экономика  еңбек  нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл  оқу  орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған  орай  білім  беру жүесінде  оқытушыларға  қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік- мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бҿтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру өмір талабы. Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, медициналық және басқа да салаларда жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшің халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тҽрбие беретін- мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің кҿзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді жҽне билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ, қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді жҽне билингвалды білім берудің халықаралық іс-тҽжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. Енді аз-кем көптілді жҽне билингвалды білім беру ұғымдарының мағынасы туралы тоқталсақ. Ғылыми  әдебиеттерде осы ұғымдарға көптеген анықтамалар берілген. Олардың ішінде біздің тәжірибемізге ең сҽйкес келетін нұсқалары төмендегіше болады:
— Көптілді білім беру- бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да көптілде аудармасыз оқыту;
— Билингвалды білім беру- оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын екі тілде іске асыру, педагогикалық үрдісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану.
Бұл өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол — Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Көптілді жҽне билингвалды білім беруде оқу- тҽрбие үрдісінен күтілетін нәтижелер мыналардан тұрады:
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде қалыптасқан білімдерін ана тілі, мемлекеттік тіл, орыс тілінде еркін білдіретін мектеп бітірушісі;
-Бітірушінің көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі;
— Көп мәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейі;
— Ұлттық жҽне жалпықазақстандық, құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығу танытатын, отансүйгіштік жҽне азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға;
— Бітірушілер еңбек нарығында, өмірлік қызметте тілдік кедергілерге ұшырамайды.
Бүгінде оқушыларымыз, студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті. Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты.  Бұл мақсаттың  орындалуы  үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс — тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет. «Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше  жас  ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың  Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз.
Қорыта айтқанда, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Көп тілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, өзге жұртпен бәсекеде өзін ұстай білсе, түрлі мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып  жетілері  анық.  Сондықтан, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығы мен талпынысын арттыруымыз керек және де сол арқылы  Отанға деген патриоттық сезімі жұдырықтай жүректерінде оттай лаулап тұратын тұлға тәрбиелеуді – басты міндетіміз деп білуіміз керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. ҚР «Білім туралы»  Заңы
  2. «Қазақстан мектебі»  журналы  №5, 2012  жыл
  3. «Тіл және қоғам» журналы, №4, 2011 жыл
  4. Мектептегі шет тілі.  Республикалық   әдістемелік — педагогикалық  журнал.№2(44), 2010