Сайт Өрлеу

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛЫРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛЫРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Шахметова Зауре Насипкалиевна,
ағылшын тілі пән мұғалімі
Еңбекші жалпы орта мектебі
Қазақстан, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру жүйесі әлемдік білім беру ортасына енуге бағыталуда. Бұл педагогика теориясында маңызды өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болды. Білім мазмұнының жаңартылған бағыты мұғалімнің көмегімен оқушының өздігінен білім алуына ықпалы зор. Жаңартылған білім мазмұны әр түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын оятуын мақсат етіп отыр. [1,78].
Қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмірді жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық. Мектеп қабырғасын атап кеткен түлектер жақсы жұмыс орнын қалап, түрлі фирмаларға жолығып келеді. Өкініштісі, түлектердің көптегендері заманауи талаптарға жауап бере алмай, тіл курстарына жазылыпғ білімін жаңартып жатады. Мектеп қабырғасында керемет білім алған оқушы неліктен өз білімін пайдалана алмайды? Оның жауабы- функционалды сауаттылық. Бұл неғұрлым өзекті ұғым- адамның сөйлеуге, іс-әрекет жасауға оның қабілеті.
Қазіргі заманғы мектеп түлегі жағдайларға бейімделу керек, бәсекелестік күрес таныта отырып интеллектуалдық және тұлғалық қабілетін көрсетеді. Мектептен алынған оқу материалын айтарлықтай дәрежеде пайдалану- оқушының әлеуметтік бейімделеу.
Ағылшын тілі сабақтарында мектеп оқушыларына  оқытуда ерекше орын алатын- Ойын. Ол эмоциялық көріністеріне бай, ұжымдық іс-әрекеттерімен шығуға мүмкіндік береді. Ойында балалар өздері мақсат қояды, табады, рөлін (кезек бойынша), қадағалайды, ойын ережесін қадағалап отырады. Сынып көшбасшылары ойындарға тез ашылады, олар өздері тамаша рөлін немесе қызметтерді таңдап алады. Мұғалім бұл ретте іс-қимылын үйлестіреді, оқушыларға бағыт беріп отырады. Ойын модельдеуге мүмкіндік береді, өмірлік жағдайларды шешу жолдарын анықтайды.
Бұл жұмысты ұйымдастыруда менің алғашқы қадамым oқушыларды топқа бейімдей отыpып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында болды. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, тақырыпқа  қатысты көптеген ойын өткізу арқылы көздерін жеткіздім.
Сабақ үстінде ойын түрлерін өткізген уақытта оқушылар сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті болып табылады. Осы арқылы  білім негіздерін өз еркімен үйренетін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткіземін. Ойын арқылы- шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.
Оқушылыр арасында ойын кезінде  диалог белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. [2, 54].
Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:
Әліпбиді дұрыс меңгерту;
Орфографияны дұрыс оқыту;
Оқу дағдысын қалыптасыру;
Лексиканы меңгерту;
Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру. Таңдап  алынған  ойындар оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына   сай  болу  керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне көмектеседі. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. [3, 16].
1.What’s  in the  bag? Сумкада  не бар?  ойыны.
Мұғалім алдымен  балаларға  бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада  не бар? Балалар  ішінде  дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Жаңа  сөздерді  еске түсіру үшін қолдануға  болады. Мұғалім сумканың ішіндегі  заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан  What’s this? Сұрағы арқылы затты  көрсету арқылы сұрайды.Сөздерді  ұмытпау  керек. Сосын оқушыларға  сумка ішіндегі  заттарды  таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a  pencil? Who has a ruller? Бұл ойын оқушының  cабаққа  деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары  молайып, есте сақтау  қабілеті артады.

  1. Жарыс сөз (Word race).

Өткен сабақта жаңа сөздер бекіту үшін тамаша ойын. Мұндай грамматикалық ойындар ағылшын тілі сабақтары жандандыруға мүмкіндік береді. Әрі ойын мінсіз- кез-келген жастағы және деңгейдегі оқушылар үшін.
ойын ережесі:
Оқушылары екі командаға бөлінеді;
Тақта бөлінеді екі жартыға және жоғарыдан жарыс тақырыбы белгіленеді;
содан Кейін оқушылар бір тақырыпқа сәйкес сөз жазып бастайды;
Бір сөз, бір бала. Жеңімпаз топ- бөлінген уақыт ішінде ең көп сөздерді тақтаға жазған топ болып табылады.

  1. Question Race Сұрақтар сайысы

Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып,сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы артады.

  1. Шындық немесе өтірік (Truth or lie)

Оқушылар қағазға өзі туралы үш ұсыныс жазады. Олардың бірі шындық, қалған екеуі жалған. Мәселелер талқылады. Қатысып отырған оқушыларға  сұрақтар қоюға рұқсат етіледі. Нәтижесінде бұл шындық, ал өтірік екендігін анықтау қажет. Неғұрлым күрделі сөйлем жазса, соғұрлым қызықты болады ойнау. Мысалы, ойлап табуға болады:
I like fried fish.
I was at library with my friend yesterday.
I ‘ m going to make a tattoo.
Күнделікті сабақта мұғалім білім беру технологиясын таңдайды, оқушыны үйрену әрекеті барысында, , тиісті жас сатысын ескере отырып, функционалдық сауаттылық қалыптастырады. Сондықтан, оқушының  маңызды кәсіби қалыптасуына ағылшын  мұғалімдері, олардың технологиялық құзыреттілігін қамтитын терең теориялық дайындығы мен практикалық тәжірибесі, білім беру технологияларын қолдану, сабаққа дайындығы ерекше орын алып отырады.
Мұғалім өзі үлгі-өнеге, үнемі  жаңа білім іздеу істінде. Ол оқушының жеке тұлғасын құрметтейтін , оның көзқарасын қабылдауға қабілетті адам болып келеді.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары, 2012.
  2. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
  3. К.К.Жақсымбетова «Информационно-коммуникационные технологии в обучении иностранному языку» Шетел тілін оқыту әдістемесі

3 комментариве к “АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛЫРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

  1. Уведомления: Совершенствование языковой компетентности педагогов в преподавании языковых дисциплин в условиях трехъязычия | Сайт ӨРЛЕУ

  2. Уведомления: Использование методов и технологий обучения в преподавании языковых дисциплин | Сайт ӨРЛЕУ

  3. Алмагуль

    Жақсы жинақталған ойын түрлері. Шынымен функционалды сауаттылықты осындай ойындар арқылы қалыптастыруға болады. Сабақтан басқада уақытта, сабақтан тыс уақытта пайдаланған да тиімді.