Сайт Өрлеу

ИННОВАЦИЯ – КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ

ИННОВАЦИЯ – КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ

ИННОВАЦИЯ – КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ

Аралас оқыту (Blended learning) форматындағы курстар болашақта педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатыны анық. Осыған орай 2017 жылдың 25 қыркүйегі мен 18 қазан арылығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері үшін аралас оқыту («Blended learning») режимінде «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық педагогикалық аспектілері» тақырыбында инновациялық форматта біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курстың айрықша ерекшелігі тыңдаушылар Ұлттық білім беру порталында білімді өз бетімен меңгеруге мүмкіндік алды. Курстың өткізілу барысында вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес және т.б. түрлері қамтылды. Тыңдаушылар жұмыстың техникасы мен әдістемесін жоғары деңгейде меңгеріп, жаңа ақпараттық технологиялардың кұралдарын қолдану тиімділігіне көз жеткізді.

Тыңдаушылар ұсынған бейнекөріністі төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.