«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша 2-апталық біліктілікті арттыру курсы өтті (тренер – Даулетбаева Г.К.). Педагогтер үш негізгі модул бойынша білім алды:
- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері
- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері
- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі
Курс барысында тыңдаушылар «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша пилоттық білім беру ұйымы №59 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі тану» сабақтарына қатысты. Бастауыш сыныпта – А.У.Мамбетова, орта буында – С.К.Кабажаева, жоғары сыныптарда – Ж.Мармалад «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу тәжірибелерімен бөлісті.
Сабақтарда тыңдаушылардың айтуынша, қазіргі уақытта барлық әдістемелер мен бағдарламаларға қарағанда мұғалімнің жеке тұлғасын өзгерту маңызды екені даусыз факті. Берген оқу – білімнен басқа, жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке дамыту бойынша педагог өзінің жауапты екенін ұмытпағыны абзал.
Мұғалімдердің басты миссиясы — қоғамда адамның өмір сүру қағидалары мен моральдық нормаларын анықтауда, өскелең ұрпақты рухани әлемде тәрбиелеу болып табылады.