Сайт Өрлеу

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен біліктілігін арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіру жолдары

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен біліктілігін арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіру жолдары

М.А.Сахарбаева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Қазақстан, Ақтау қаласы
sakharbayeva.m@orleu-edu.kz

Аннотация: Направлять учителей к самостоятельному поиску инновационных подходов к систематической организации учебного процесса.
Summary: Direct teachers to independent search for innovative approaches to the systematic organization of the educational process.
Ключевые слова: интерактивные методы, групповая и парная форма работы, дифференциация, коллаборативная среда обучения, класс, поурочные планы, разработки уроков, портфолио учителя.
Key words: interactive methods, group and pair form of work, differentiation, collaborative learning environment, class, pourochnye plans, development of lessons, teacher’s portfolio.

Қазақстандық педагогика қоры қандай? Мектептегі мұғалім мен оқушының іс әрекеті қалай дамытылуда? Ол оқушының білім алуына жеткілікті ме, заман ағымымен даму үстінде ме? деген сұрақ білім саласында тынбай еңбек етіп жүрген қауымды ойландыруда. Білім жүйесі ғылым жетістіктерін өз тәжірибелерінде қолдана білетін, шығармашылықпен ойлана алатын, өзінің кәсіби қызметіне талдау жасап, дамыта алатын мұғалімдерді қажет етіп отыр. «Жаңаның бәрі ұмыт қалған ескі» демекші кейбір әдістемелік құралдардың қайта жаңарып жатқан жағдайы бар. Педагогикалық әдіс-тәсілдерге, сабақ формаларына өзгерістер енгізілуі мұғалімдер мен оқушыларды, қала берді ата-аналарды да елең еткізіп қызықтыруда.
Сонау заманда педагог Я.А.Коменскийдің салып кеткен сынып-сабақтық жүйемен, орыс елінің, шетелдің педагог-психологтерінің әдіс-тәсілдерін, тәжірибелерін пайдаланып жатқанымыз рас.[6, б.32] Дегенмен, осыған қанағат етіп қоймай, өзге ұлт өкілдерінің көшірмесі болмай, өз ұлтымыздың ерекшелігіне, тәлім-тәрбиесіне орай құрылған Отандық педагогика қоры жасақталып, заман талабына сай педагогтардың тәжірибелік еңбектері жинақталып, педагогикалық құралдар, технологиялар, әдіс-тәсілдер ойластырылып, әдістемелік жинақтары молынан жарық көруіне үлес қосқымыз келеді.
Өз іс-тәжірибеме келсем, білім беру үдерісінде мұғалімнің әдістемелік жұмысын жүйелі ұйымдастыруына, соның ішінде мұғалімдердің сабақ түрлеріне орай оқушының оқу орнын тиімді жабдықтауынан бастауына көңіл бөлемін.
Білім жүйесін реформалаудағы іс-әрекеттердің «Мәңгілік ел» бағдарламасына сай патриотизм, құрмет, шығармашылық, ашықтық, жауапкершілік сияқты құндылықтарға бағытталып, ұйымдастырылуын ескерсек, бұл құндылықтардың сынып ішінде бір-бірімен қарым қатынастары арқылы жүзеге асатынын көреміз. [7,б. 8] Білім мазмұнын жаңартуда жеке пәндерді оқытуда да осы ынтымақтастық, бірлік, ұйымшылдық қасиеттердің топта, жұпта жұмыс жасау тәсілдері арқылы дамитыны, сол арқылы білім мен тәрбиенің жымдасып, егіздің сыңарындай бір бірімен қосақтаулы күйде жүзеге асырылатынына мұғалімдердің көзі жаңартылған бағдарламамен жұмыстану кезінде көзі жетті. Тәжірибе кезінде мұғалімдер оқушылардың тек бір қалыпта дөңгеленіп жайғасуының оқу мен тәрбие жүйесіне кері әсер ететін тұстарын анықтады. Бұл отырыстың оқушылармен жеке, жұптық жұмыс жасауына кедергі болатын тұстары көп. Сондықтан сабақ түрлеріне орай, мұғалім сынып парталарын орналастырудың басқа да жолдарын іздестіруге, әр сабақта оқушы парталарының орналасуының ең жақсы нұсқаларын іздестіріп отыру керек екенін түсінді. Осындай интербелсенді оқытуда екі функцияның орындалысына мән беріп отыру қажет нәрсе, ол берілген тапсырманың орындалысы мен біріккен жұмыста оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі. Сондықтан нәтижелі біріккен жұмыс жүргізілуі үшін оқушылардың ақылдасуы үшін, бірін-бірі оқытуы үшін дұрыс ұйымдастырылған оқу бөлмесі керек.
1 суретте (А) парталарды қозғамай, әр қатардың соңына бөлек парталар қойып, оқушылардың топтық жұмыс басталарда осы жерге келіп бас қосуын ұйымдастыру.
Ә) суретте шағын топтағы оқушылардың бас қосуы көрсетілген. 1 партадағы оқушылар артындағы 2 партаға бұрыла қалып, бас қосып, өз ойларын ортаға салады. Бұл күнделікті сабақта партаны әрі-бері қозғамай, уақыт алмай, оқушымен жұмыс жасауға ыңғайлы.

Ал 2-суретте сыныпта сабақ формасына орай парталарды әр түрлі етіп орналастыруға болатынын көреміз. Суретке қарай отырып, парталардың орналасуы өтілетін сабақтың нәтижесіне үлкен әсерін тигізетінін байқаймыз. Мысалы, №1, оқушылар өзара ақылдасып, жұмыс жасауға ыңғайлы, мұғалім сырттан тек бақылаушы. №2, №3 шағын топтық жұмысқа арналған, алайда №3 қиындау тапсырмаға арналған топтық басқосу, №4 интерактивті тақтаны пайдалана отырып видеүзіктерді талқылауға немесе мұғаліммен және сыныптастарымен талқылау жүргізе отырып жұмыс жасауға ыңғайлы болса, №5 дәстүрлі сабақтағыдай, жеке тапсырма орындауға арналған. №6,7 жұптық тапсырмалар берудің түрлері, оқушылардың бірін бірі оқытуына арналған.
Нәтижелі оқу сыныптағы шағынтоптардың көңіл күйлеріне тығыз байланысты. Бастапқы кезде оқушыларды өз еріктерімен отыруына қарсылық білдірмеген жөн. №4,№8,№9,№11,№15 отырыстарда оқушылар өз еркімен жайғасады. Бұның оң жақтары: оқушылар арасында жеке тұлғалық байланыс қалыптасады.

  • Әңгімелесуге ыңғайлы орта қалыптасады.
  • Оқушылар өзін ыңғайсыз сезінушілігі төмендейді.
  • Бірін бірін қолдауда сенімділік күшейеді.

Сабақ мақсаты, жаңа сабақ, не жаңа білім алу болса, оқушыларды қалай орналастырған тиімді? Бұл кезде «мықты» оқушылар мен «әлсіз» оқушыларды араластырып отырғызған тиімді. Дегенмен, «мықты» оқушының шыдамды, қайырымды болуына назар аударған жөн. №8, 9.  Ал егер сабақ мақсаты, өткен тақырыпты қайталау мақсатында болса, онда «мықты» оқушыларды біріктіріп, оларға қиындау, ал «әлсіз» оқушыларды бірітктіріп, жеңіл тапсырма берген жөн болады. №14
Қандай топтық тапсырма берілсе де берілген тапсырмалар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасасып, пікір алмасып, бір-бірінен көмек алуына негізделуі тиіс, интербелсенді сабақ тиімді жүруі үшін сынып кеңістігін оқушылардың бетпе-бет отыруын да назардан тыс қалдырмау керек. №13,15,16
Оқушының отырысын сабақ формасына сай реттей отырып, мұғалім көп нәрсеге қол жеткізеді. «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дегендей көптеген мақал-мәтел ынтымақтастық, бірліктің адам өміріндегі маңызын айқындап, ата-баба салып кеткен сара жол- бала тәрбиелеуде маңызы зор ұлттық дәстүрге бет бұруымыз қажеттігін еске салуда.
Ұжымда, топта, жұпта жұмыс жасай білген оқушы бір-бірінен көмек алуды, көмек беруді, көптің атынан сөйлеуді, сыныптасының пікірін сыйлауды, қате пікір арқылы үйренуді, ойын жинақтап, қысқа, әрі нақты сөйлеуді, белгілі бір уақыт шеңберінде жұмыс атқаруды, өз еңбегін және өзгенің еңбегін сыйлауды, сөйтіп, көптің алдына шығып, өз ойын қысылмай айтып, шешен де еркін сөйлеп, қоғамдағы түрлі оқиғаларға өз көзқарасын беретін, қоғамға немқұрайлы қарамайтын, табиғатты сыйлайтын, жанашыр нағыз азамат болып ержетеді. [1.б.13] Қазіргі кезде мұғалімнің жұмысын қағазбастылық алып кеткені белгілі. Сабақ үрдісі кезінде оқушыға назар аудара алмау, дәптер тексеріп отыру, журнал толтырып отыру немесе тағы басқа тапсырмалар орындау. Мұғалім жұмысын жеңілдетудің бір жолы, мектептің «сабақ жоспарлары базасын» құруды мектептерге ұсынып жүрміз. Жаратылыстану, қоғамдық пәндер, бастауыш сынып бойынша, эстетикалық пәндер бойынша мұғалімдер топталып, өз жоспарларын электронды түрде жазып, жинақтау. «lesson study” әдісімен мұғалімдер жоспарды бірлесе құрып, сынақтан өткізіп барып, өз рефлексияларын жазып, салып қойса, келесі оқу жылы рефлексияға қарап отырып, жоспарды қайта жазбай, тек түзету жұмыстарын жүргізер еді.  3 сурет.
Жоспарлар базасы жыл сайын өзгеріске түсіп отырады. Әр оқу жылы басында жоспарлар өңделіп, жаңасы жинақталып, ескі жоспар архивке кетіп отырады. Сонда қазіргідей жыл сайын бір жоспар жазылып, ол жалғасын тауып өңделмей, тасталып отырмайды. Бұдан мұғалімдер екі жұмыс жасамай, жыл сайын жоспарын тек өңдеумен шектеліп отырады. Бұл жерде мұғалімдердің біріккен күші керек. Оқу жоспарын бірге өңдеген кезде, олардың әрқайсысының ойы, пікірі ескеріліп, тиімді жоспар құруға қол жеткізіледі. Жоспарлар әбден жетіліп, өңделе бермек. Мұғалімдердің қолы қағаздан босап, енді оқушыны зерттеумен айналысуға көшеді. Олар сабақ бойы әр оқушының жауап беруіне, ізденісіне мән беріп, олардың жауаптарын, сұрағын жазып алып, оқушымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Сонымен бірге мұғалімдердің көрнекі құралдары, бағалау бетшелері, видеоүзіктері, постерлері суретке түсіріліп, папкаларына салынып, сол тарау папкасына салынады. Келесі оқу жылы мұғалім оларды қарап, есіне түсіріп, рефлексия жасап, сабағын жаңаша құруға негіз жасайды. Және де мұғалім енді сабағына бір күн қалғанда дайындалмайды, оның сабағы бір жыл бұрын дайын тұрады. Мұғалімнің оқу жоспары ғылыми жұмысқа айналуы мүмкін. Мұғалім портфолиосы деген папкаға мұғалімнің марапаттаулары, газет бетіне шыққан материалдары, анкетасы, курстан өткен сертификаты жинақталады, бұл мектеп әдіскеріне де көмек болмақ, кез келген уақытта ешкімді іздемей, мұғалім туралы ақпаратты, оның жоспарларын кез келген уақытта ашып көре алады, көрсете алады.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен біліктілігін арттыру үшін, олардың жұмыс жасау стилін жеңілдетіп, тиімді, сапалы өнім алу үшін инновациялық әдіс-тәсілдерді  молынан пайдаланып, түрлендіріп, эксперимент жасаудан қорықпайық, әріптестер!

Әдебиеттер:

  1. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Алматы – 2013
  2. ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім — Образование –2006, №2, 15 — 18 б.
  3. Мектептегі «Психология»№3. Астана 2012 ж.

4.http:www. google.kz. Жас ерекшелікке сәйкес оқыту мен оқудың тәсілдері.

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей.
  2. Я.А.Коменский. «Ұлы дидактика»
  3. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектеп (1-сынып) арналған оқу бағдарламасы.-Астана-2016

16 комментариве к “Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен біліктілігін арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді түрлендіру жолдары

  1. Назым

    Марал апай,салеметсиз бе! Жарияланган макаланызды окып,мен де сиздин пикиринизге толыктай косылатынымды билдиремин. Макаланызда конилге конымды жаксы идея тастапсыз. Енбегиниз жана берсин!Осындай конилге конымды, кунды пикирлериниз жаксы бастама беретинине сенемин.

  2. Гульнар

    Мұғалімдердің кəсіби құзіреттілігін дамытудағы жұмысың өз үйлесімділігін жақсы тапқан. Сəттілік тілеймін

  3. Алтынзер

    Марал апай, салематсыз бе! Мақалаңызды оқып,жұмысқа жаңа серпіліс пайда болды.
    Сізден үйренеріміз көп екен.Еңбегіңіз жемісті болсын!

  4. Ақзия

    Тренердің дайын, қалыптасқан оқыту жүйесін пайдаланып қана қоймай, жаңалыққа ұмтылып, тың, пайдалы, нәтижелі ұсыныстар бергені қуантады. Шығармашылық табыс тілеймін.

  5. Гүлсім

    Сəлеметсіз бе, Марал Сахарбаева апай. Мақалаңызды оқып шықтым. Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алушылардың білімін жетілдіруге байланысты пікірлеріңіз біз үшін құнды. Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

  6. Алмагүл

    Марал мақалаңыз мазмұнды, ойға қонымды. Сізге алдағы уақытта шығармашылық табыс, еңбегіңізге жеміс тілеймін.

  7. Айшат

    Марал апай макаланыз маган да унады. Оте керемет. Сизге енбекте табыс тилеймин. Тагы да тын дуниелер туа берсин!

  8. Майда

    «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек»-деп Ш.Уəлиханов айткандай,қазіргі ақпараттандыру ғасырында мақала авторының пікірін мен қолдаймын. Білімнің жаңа түрімен оқытуда ,жаңаша оқытудың тиімді жолдарын ашып көрсеткен. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- білім беру бағдарламаларын меңнеру үшін мектепте əртүрлі жағдайлар жасалу қажет. Сондықтан ,мақалада айтылған мұғалімнен басқа оқушының партада отыруының өзі мұғалімнің шеберлігінің арқасында сабаққа деген қызығушылығын ояту болып табылады. Сондықтан,шебер ұстаз,білікті маман, іскер басшы өз заманына сай білімді ұрпақты қалыптастыра алады. Дамыған елдер қатарына кіруіміз үшін ең алдымен педагогикалық əдіс-тəсілдер мен белсенді оқу техникалары қарастырылуы қажет. Сондықтан,жазылған мақаланы білім ұйымдарына қажетті жəне енгізілуі керек деп ойлаймын

  9. Айман

    Сəлеметсіз бе, Сахарбаева Марал апай? Сіздің мақалаңызда, көңілге қонымды жақсы идея ұсынған екенсіз. Жұмысыңызға шығармашылық табыс, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Сізден үйренеріміз көп біздің.

  10. Феруза

    Марал апай, Сіздің мақалаңыз қазіргі таңдағы білім саласындағы əріптестеріме көмегі зор! Ұстаз үшін өзекті тақырып жазылған.Топқа бөлу, оқу процесін ұйымдастыру, əдістер, сабақты түрлендіріп өткізу, жаңа əдіс-тəсілдерді тиімді қолдана білу жайында біршама мағлұмат алдым. Сізге шығармашылық табыс, биік белестерден көріне беріңіз дегім келеді.

    1. Гульмира Джаналиева

      Тема доклада актуальная. Тренер приводит примеры из собственной практики, связывает теорию с практической деятельностью. Дает направления для развития педагогической деятельности в применении различных методов и приемов. Стиль написания понятный для любой педагогической аудитории.

  11. Акманат

    Отандық педагогика қоры туралы пікірің — көңілге қонымды идея. Қорға енетін материалдың сапалы болуы басты назарда болуы дұрыс. Өйткені соңғы кезде ақпарат құралдарындағы материалдарды оқи отырып, немқұрайлылықты байқауға болады. Науқан етіп қордағы материалдың санына көңіл бөлмей, сапасына мəн берілсе, керемет болар еді. Əрине, автор ұсынғандай, лессон стади топ мүшелері бірлесе отырып,қысқа мерзімді жоспарларды жасап жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Келісіп пішкен тон келте болмайды емес пе?

  12. Лаззат

    Марал апай!!Мақалаңызды оқып шықтым.Көңілге қонымды көптеген тұшымды ойлар мен пікірлеріңіз əріптестерімізге көп қолдау мен көмек берері сөзсіз.Сізге табыс тілеймін!

  13. Роза

    Маған тренердің «сабақ жоспарлары» базасын құру туралы ұсынысы ұнады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, пəн бірлестіктеріндегі мұғалімдер ақылдаса отырып, сапалы сабақ жоспарларын жасап, осындай базаға салып қойса, аз да болса қағазбастылықтан арылар еді. Сонымен қатар топтасып отыруға байланысты суретімен бірге ұсынған тəсілдері де тиімді деп есептеймін. Əр мұғалім өз тəжірибесінде қолданып көргендері дұрыс. Құнды пікірлерімен бөліскені үшін Марал Сахарбаеваға ризашылығымды білдіремін.

  14. Кунзипа

    Марал мақалаңды оқып шықтым. Интербелсенді оқытуда парталарды орналастыру әдісі, сабақ жоспарын жинақтау жолдары маған қатты ұнады. Ризашылығымды білдіремін және сәттілік тілеймін!