Сайт Өрлеу

Астана: ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту бойынша курстың аяқталуы

Астана: ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту бойынша курстың аяқталуы

Астана: ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту бойынша курстың аяқталуы

2017 жылдың 05-30 маусымы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Әрбір ұстаздың негізгі ұстаған мақсаты-алдында отырған оқушыға сапалы білім беру, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру, өзіне сенімді болуына осыдан алған білімін тәрбиемен ұштастыра білу.

Курс барысында мұғалімдер іс жүзінде жинақталған педагогикалық тәжірибесімен және дайындаған стратегияларымен бөлісті.

Бұл бағдарламаның мақсаты: «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәнінен білім беру бағдарламасын жаңарту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері: мұғалімдерді пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны, сабақтастығы, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру; тиімді оқыту және оқу материалдарын пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолдануды түсінуін және білуін қамтамасыз ету; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінуін және білуін қамтамасыз ету; ұстаздарда орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті дағдыларын қалыптастыру.

Курс нәтижесінде: жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсаттары мен міндеттерін білді және түсінді; тиімді оқыту мен оқу материалдарын пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолдана алды; оқу бағдарламасымен бірге пайдаланылатын бағалау моделіне қол жеткізудегі критериалды бағалау жүйесін, жаңартылған білім білім беру бағдарламасына байланысты тиісті оқыту әдістемесін түсініп, қолдана алды.

Оқыту мен оқу іс-әрекеттің жекелеген екі түрі емес, бір үдерістің байланысқан элементтері екенін түсінген маңызды. Мұғалімдер оқудың қалай жүретінін және өзінің оқыту тәжірибесін қалайша жақсартуға болатынын түсінген сайын, оқытудың тиімділігі арта түседі. Ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың табыстылығын арттыруда мынадай стратегия-лардың анағұрлым тиімді екендігі анықталған. Олар: белсенді оқыту (мысалы, оқушылар шынымен тапсырма орындап, практикалық дағдыларын жүзеге асырған кезде); кері байланыс (мұғалімнен-оқушыға, оқушыдан-оқушыға, оқушыдан-мұғалімге жүреді); сенімділікті арттыру (мысалы, уәждеу және сенімін арттыруда оқушыларды мадақтауды қолдану; оқыту сапасы (мысалы, жоспарлауда саралау тапсырмаларын қолдану).

Курс кезінде мұғалімдер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында 15 маусым күні «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинарға қатысып, «Қазақстан жолы. Мәңгілік ел: тарих және саясат» тақырыбында дәріс тыңдады. Семинардан соң БАҚ сұхбат берді.

Балалардың оқуы қызықты болуы үшін, оқытылған материал олардың қабылдауына жеңіл де түсінікті болуы үшін, қалай оқу керектігі жайлы мәселелерге жауапты мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарында оқу арқылы таба бастады.

Білім мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курсы мұғалімдердің үздіксіз шығармашылық ізденісін талап етеді, олардың ұдайы өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге, танымдық аймақтарын кеңейтуге ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code